«Алашқа айбын болған Ақпан батыр» республикалық ғылыми-тәжірибелік, тарихи-танымдық конференция.

19.10.2022 күні Баишев Университетінде әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Бухарбаев Шыныбек Мұсаұлы мен «Рухани жаңғыру» институтының директор м.а. Сұлтан Жұлдыз Исақызының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы, Маңғыстау, Атырау Қызылорда облыстары және Ақтөбе қаласының тарихшылары, ғалымдарының қатысуымен «Алашқа айбын болған Ақпан батыр» республикалық ғылыми-тәжірибелік, тарихи-танымдық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты–Қазақ тарихында қазақ елінің ұлт болып ұйысуына, ел болып есін жиюына үлес қосқан батыр бабалар аз болған жоқ, сол бабалардың бірі де бірегейі бүгінгі бас қосуымызға себеп, конференциямызға өзек, тілімізге тиек болып отырған Алашқа айбын болған Ақпан батыр.
Тарихи дерек көздер мен дәйексөздерге сүйенсек, Ақпан батыр қазақ хандығының іргесінің бекіуіне, шекарасының кеңеюіне қомақты үлес қосқан Қасым ханның баласы Хақназар ханның, Хақназардан кейін таққа отырған Шығай ханның, Тәуекел баҺадүрдің, Еңсегей бойлы ер Есім хандардың дәуірінде өмір сүрген екен.
Сол батыр бабамызды танып білуге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік, тарихи-танымдық конференция.



