«Аймақтарда, соның ішінде Ақтөбе облысында креативті индустрияны дамыту» атты дөңгелек үстел

28 ақпанда университетімізде «Аймақтарда, соның ішінде Ақтөбе облысында креативті индустрияны дамыту» атты дөңгелек үстел өтті. Осы шараға университетіміздің ректоры, Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының, бизнес қауымдастығының өкілдері, болгариялық және грузиялық серіктес университеттеріндегі әріптестеріміз, оқытушыларымыз бен студенттеріміз, сондай-ақ Creative Spark жобасының жетекші координаторы доктор Оланреваджу Олаойе қатысты.



