Баишев Университеті

Баишев Университеті

Big Idea Challenge стартап-конкурсының іріктеу кезеңі

2021 ж. 20 және 26 сәуірде ZOOM платформасында Big Idea Challenge стартап идеялары байқауының университетішілік іріктеу кезеңдері өтті. 20 сәуірде ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры О.И. Лыгина және Ғылым және инновация департаментінің директоры Б.К. Нұржанов қатысуымен университетішілік іріктеу өтті. 26 сәуірдегі кездесуге Линкольн университетінің (Ұлыбритания) Creative Spark жобасының жетекшісі Кевин Бланшарт және жоба үйлестірушісі Олаойе Оланреваджу қатысты. Big Idea Challenge стартап идеялары байқауының қатысушылары – Баишев университетінің студенттері мен жас оқытушылары өз презентациялары мен бейнероликтерін көрсетті. Университетіміздің қазылар алқасының мүшелерімен, сондай-ақ жоба жетекшісімен және үйлестірушісімен қатысушылардың бейне презентацияларын жақсарту мақсатында және республикалық деңгейдегі басты іріктеу жарысына одан әрі дайындық бойынша кеңестер берілді.