Баишев Университеті

Баишев Университеті

Big Idea Challenge бойынша ақпараттық сессия

British Council Creative Spark жобасы аясында бизнес идеялар мен жобаларға арналған Big Idea Challenge байқауы туралы ақпараттық сессия ұйымдастырды. Ақпараттық сессиялар барысында British Council өкілдері байқау шарттары туралы айтты. Байқауға Баишев Университетінің студенттері қатыса алады.

Creative Spark Big Idea Challenge – бұл студенттерге инновациялық стартапты дамытуға және бұл туралы әлемге жария етуге көмектесетін стартаптың бейне-презентация байқауы. Үздік идеялар 3000 фунт стерлингке дейінгі грантты және басқа да бағалы сыйлықтарды алуға мүмкіндігі бар.

Байқау Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Украина немесе Өзбекстанның Creative Spark серіктес университеттерінде оқитын 18-35 жас аралығындағы жастарға арналған.

Байқаудың төрт санаты:

  •     Климаттың өзгеруі
  •     Сандық технологиялар
  •     Әлеуметтік әсер

Шығармашылық

Қызығушылық танытқан студенттер сілтеме арқылы тіркеле алады: https://creativespark-bigidea.uk/

Дедлайн 2021 жылдың 28 ақпанына дейін.