Баишев Университеті

Баишев Университеті

7M01711 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Білім беру бағдарламасының концепциясы, принциптері мен тәсілдері

      Педагогикалық ғылымдар магистрлерін дайындау бойынша білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытта  оқытуға арналған, жоғары мектептерге сапалы білім беретін қазақ тілі мен әдебиеті  педагогы мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде қызмет ететін мамандар  әзірлеу талабы білім беру бағдарламасының мазмұндық, сапалық жарақтылығын қажет етеді. Білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіптік бағдарлануы  білім беру процесін жүзеге асырудың мақсатын, нәтижелілігін, мазмұнын, шарттарын, технологияларын, осы сала бойынша магистр даярлау сапасын бағалауды реттейді. Білім беру бағдарламасының тұтас мазмұны Қазақстан Республикасының білім беру мен тілдерді дамыту саясатының, білім беру саласындағы нормативтік актілерінің негізінде, сондай-ақ, университет миссиясын есепке ала отырып даярланған.

Білім беру бағдарламасы бойынша қалыптастырылған траекториялар: 1) «Лингвист-зерттеуші»; 2) «Педагог-әдебиеттанушы». Негізінен Қазақстанның батыс аймағы,  Ақтөбе өңірі әдебиетін,  қазіргі ақын-жазушылар шығармаларын тілдік танымдық, ділдік, салыстырмалы тілтану тұрғысынан таныту мен  зерттеу проблемаларына негізделді. Соның ішінде, «Педагог- әдебиеттанушы»  траекториясы мәдениетті дамытуға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосады, сонымен қатар, «Едігетану» ғылыми-зерттеу бағытында ғылыми ізденістерді, жобалар жасау, өңір мәдениетін дамыту бағытында оқу орнында іске асырылатын ғылыми зерттеуге үлес қосуға бағытталады. 2-траектория «Лингвист-зерттеуші» батыс өңірі ақын-жазушыларының шығармалары материалдарында оқытуға және зерттеуге негізделген, бұлар білім беру бағдарламасының бірегейлігін танытады.

«7М01711- Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ үшін құзыреттілік моделі

«Педагог» кәсіби стандарты негізінде әзірленген

Мамандық: Педагог. ЖОО оқытушысы (мамандандырылуы: Лингвист-зерттеуші)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 7

Кәсіптегі міндетті еңбек

функциялары

 

Кәсіптегі қосымша еңбек

функциялары

Кәсіби міндеттер

 

Білік, дағды

Білім

Жеке тұлғалық құзыреттілікке қойылатын талаптар

 

Кәсіппен байланысты жұмыстарды орындауға арналған қосымша дағдылар 

оқыту (оқу ақпаратын тарату, өз бетімен білім алуға үйрету)

 

тәрбиелеу (білім алушыларды әлеуметтік

құндылықтар жүйесіне қосу

 

әдістемелік (ЖОО-да білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру)

 

зерттеу (білім алушылардың білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру ортасын зерттеу)

 

әлеуметтік-коммуникативтік (кәсіби қауымдастықпен және барлық мүдделі білім беру тараптармен өзара қарым-қатынасын жүзеге асыру

Ұйымдастыру

 

Басқару

 

Ғылыми-зерттеуді кәсібі саласында жүзеге асыру

 

Ғылыми нәтижелерін коммерциялау бағытында жұмыстану

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-зерттеушілік міндеттер,

Аға оқытушы,

Тренер,

Куратор,

Оқытушы-ассисент,

Құрылымдық бөлім басшысы,

Ұйым басшысы,

Құрылымдық бөлім басшысы орынбасары қызметтерінің міндеттерін кәсіби тұрғыдан орындау

 

Ғылыми-педагогикалық қызметте кәсіби және зерттеу дағдыларын қолдану

 

жаңа, күрделі білімдер мен идеяларды сыни талдау, бағалау, жинақтау үшін

психология-педагогика ғылымдары саласындағы және арнайы сала бойынша,  білім менеджментіндегі интеграциялық (пәнаралық) білім 

Жауапкершілік

Адамгершілік құндылықтарды бағалау

Ғылыми-педагогикалық қызметі мақсатын қою және негіздеуге, оған жетудің тиімді әдістерін, құралдарын, ИКТ-ны таңдай білуге, қолдануға қабілеттілік,

Педагогикалық, тілдік, әдебиеттанушылық зерттеулерді түрлі ғылым тоғысында дамыту үшін жүргізу және кәсіби қызметінде педагогикалық, тіл мен әдебиетті және оны  оқыту әдістемесінен алған білімін практикалық қолданысқа түсіруге қабілетілік, өз ойын еркін дұрыс әрі қисынды жеткізе білетінін кәсіби, академиялық ортада көрсету, кәсіби қызметіне қажетті білімді өздігінен алуға  ынталылығын көрсету

Ғылыми-педагогикалық, инновациялық қызметті жоспарлау мен жүзеге асыруға қатысты мәселелерді  сыни ойлау тұрғысынан шешуге қабілеттілік,

Ғылыми-педагогикалық қызмет стратегияларын анықтауға және кәсіби қызмет нәтижесі үшін шешім қабылдап, жауапкершілік алуға  қабілеттілік