Баишев Университеті

Баишев Университеті

7М04132 - Қаржы

ББ мақсаты: Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ұйымдастыру-басқару, қаржы-талдау қызметіндегі кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті, қаржы саласында терең кәсіби даярлыққа, практикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие, өз бетінше ойлауға және ел экономикасының прогрессивті әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау.

Кәсіби қызмет объектілері

    • сала мен қызмет саласына қарамастан барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар.
    • мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы.
    • ведомствоаралық, өңіраралық және халықаралық ғылыми жобалау ұйымдары.

Оқыту нәтижелері

    • ОН 1/ РО 1 –  кәсіби тақырыптарды шет тілінде (С1, С2 деңгейі) осы тілдермен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін көлемде талқылауға қабілетті.
    • ОН 2/РО 2 – аналитикалық және зерттеу міндеттерін шешу кезінде экономикалық және қаржылық деректерді іздеу және өңдеу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық, сандық технологияларды қолдануға қабілетті.
    • ОН 3/РО 3 – стратегиялық стратегиялық менеджменттің, тәуекел-менеджменттің заманауи тәсілдері мен әдістері негізінде банктердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін технологияларды пайдалануға және тәуекелдерді бағалауға қабілетті.
    • ОН 4/РО 4 –  заманауи компанияның негізгі басқару функцияларын жүзеге асыру үшін психологиялық өзара іс-қимыл ерекшеліктерін анықтауға және басқарушылық қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін қолдануға қабілетті.
    • ОН 5/РО 5 – нақты экономикалық жағдайларда қаржыны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, қаржы институттары мен ұйымдарының дамуын моделдеуге қабілетті.
    • ОН 6/РО 6 – компания мен мемлекеттің қаржы-шаруашылық қызметіндегі қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін анықтауға, қаржыны басқарудың экономикалық әдістерінің тиімділігін бағалауға қабілетті.
    • ОН 7/РО 7 –  отандық және шетелдік қаржы нарықтарының жай-күйін бағалауға және олардың ықтимал даму нұсқаларын модельдеуге қабілетті.
    • ОН 8/РО 8- талқыланатын мәселелер бойынша экономистердің заманауи көзқарастарын бағалау, әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлері бойынша оларды шешу жолдарын ұсыну.