Баишев Университеті

Баишев Университеті

7М04131 - Қаржы

ББ мақсаты: Әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде қаржылық бейіндегі оқу пәндерін оқытуға, кәсіби қызметте жаңа білімді қолдана отырып, қаржы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Кәсіби қызмет саласы:

    • Бизнес және әкімшілендіру саласы;
    • Қаржы-экономика саласындағы Білім және ғылым саласы.

Оқыту нәтижелері

    • ОН 1/ РО 1 –  ғылыми тұжырымдамаларды сыни бағалауға, кәсіби міндеттерді шешу және зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде ғылыми, философиялық, логикалық және теориялық-әдіснамалық талдаудың негізгі ережелерін қолдануға қабілетті.
    • ОН 2/РО 2 – кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде осы тілдерді тасымалдаушылармен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін көлемде шет тілінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға қабілетті.
    • ОН 3/РО 3 – педагогикалық және кәсіби қызмет және ғылыми жобаларды орындау үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық, сандық технологияларды қолдануға; банктік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге, банктік өнімдер мен қызметтерді жылжыту үшін маркетингтік құралдарды қолдануға қабілетті.
    • ОН 4/РО 4 –  стратегиялық менеджменттің, тәуекел-менеджменттің заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдану негізінде отандық және халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қызметіне әсер ететін технологияларды пайдалануға және тәуекелдерді бағалауға қабілетті.
    • ОН 5/РО 5 – компанияның және мемлекеттің қаржы-шаруашылық қызметіндегі қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін анықтауға, қаржыны басқарудың экономикалық әдістерінің тиімділігін бағалауға қабілетті, ҒЗЖ жүргізу кезінде қаржылық жоспарлау және қаржылық бақылау әдіснамасын қолдануға қабілетті.
    • ОН 6/РО 6 – тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру үдерісін құрастыруға, ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметті табысты жүзеге асыру үшін кәсіби–педагогикалық мәдениет пен басқару психологиясының негіздерін пайдалануға қабілетті.
    • ОН 7/РО 7 –  нақты экономикалық жағдайларда қаржыны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қабілетті, қаржы институттары мен ұйымдардың дамуын басқарады, қазіргі заманғы озық ғылыми жетістіктер негізінде қаржы нарықтарының жай-күйін талдайды.
    • ОН 8/РО 8- фискалдық және монетарлық саясаттың cтратегиясын, тактикасын және иінтіректерін қолдануға және оларды әртүрлі экономикалық міндеттерді шешуде қолдануға қабілетті.
    • ОН 9/РО 9 – ислам қаржы индустриясы институттарындағы қызметті басқаруға, заңнамалық және нормативтік құжаттар негізінде шетелдік тәжірибе мен тәуекелдерді жинақтауға қабілетті.
    • ОН 10/РО 10 – талқыланатын мәселелерге экономистердің қазіргі көзқарастарын түсіндіруге, әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлерін ескере отырып, оларды шешу тәсілдерін ұсынуға, ғылыми және кәсіби қызметте жаңа білімді қолдануға қабілетті.