Баишев Университеті

Баишев Университеті

7М04112 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіндік бағыт

ББ мақсаты: Экономика, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін тереңдетілген кәсіби дайындыққа ие, жаңа формациядағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-жауапты басқарушы кадрларды даярлау

Кәсіби қызмет объектілері

Қазақстан Республикасы Президентінің (ҚР) аппараты мен Әкімшілігі; ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика мен қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдіктері) және атқарушы органдардың аппараттары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар, ғылыми зерттеу инстиуттары, ЖОО және басқалар.

Оқыту нәтижелері

    • кәсіби қызметте тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шетел тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынасқа  қабілетті
    • қазіргі заманғы ұйымдардың негізгі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған басқарушылық қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін қолдануға қабілетті
    • әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлерін , тәуекелдерді және оларды іске асырудың ықтимал салдарын ескере отырып, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қалыптастыруға бағытталған басқарудың тиімді құралдарын пайдалана отырып, кәсіби қызметтің басымдықтарын анықтауға қабілетті
    • инвестициялау мен қаржыландырудың әртүрлі жағдайларында жаңа ұйымдар (өнімдер) құруға бағытталған бизнес-жобаларды әзірлеуге қабілетті
    • аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін анықтай және негіздей отырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігін бағалауға қабілетті
    • ұйымның менеджмент жүйесіндегі стратегиялық басқару проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға және оның нәтижелерін практикалық қызметке енгізуге қабілетті

Жұмысберушілер

    • Бейсов Ж.Ж.- «Ақтөбе облысы бойынша статистика Департаменті»    басшысы
    • Маханова  А.Н.- «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ККМ басшысы
    • Мусашева Г.К- Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы