Баишев Университеті

Баишев Университеті

7М04111 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» - ғылыми – педагогикалық

ББ мақсаты: Өңірдің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарын мемлекеттік және жергілікті басқару саласында терең ғылыми – педагогикалық және зерттеу даярлығы бар, кәсіби қызметте жаңа білімді қолдана алатын және өңір мен елдің индустриялық-инновациялық дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шеше алатын ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету

Кәсіби қызмет объектілері

Қазақстан Республикасы Президентінің (ҚР) аппараты мен Әкімшілігі; ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика мен қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдіктері) және атқарушы органдардың аппараттары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар, ғылыми зерттеу инстиуттары, ЖОО және басқалар.

Оқыту нәтижелері

    • кәсіби қызметте тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шетел тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынасқа  қабілетті/способен к коммуникации в устной и письменной формах на иностранном языке для решения задач межличностного и межкультурного взаимодействии в профессиональной деятельности
    • кәсіби қызметінде аналитикалық және зерттеу міндеттерін шешу үшін интернет ресурстарын және сандық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануға қабілетті
    • ғылыми, философиялық, логикалық және теориялық-әдіснамалық талдау әдістері мен рәсімдерін қолдана отырып, зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті
    • ғылыми –педагогикалық қызметті жүзеге асыру және өзін-өзі жетілдіру үшін кәсіби-педагогикалық мәдениет негіздерін және басқару психологиясын меңгерген
    • маманданудың жекелеген тақырыптары бойынша шолулар мен талдамалық зерттеулерді орындай отырып, мемлекеттік және жергілікті басқару проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға қабілетті
    • мемлекеттік қызмет жүйесінде ҚР заңнамасын сақтауға бағытталған мемлекеттік саясаттың стратегиясы мен тактикасын, басқару тұтқаларын  қолдануға қабілетті
    • қалыптасқан бизнес – процестердің нарықтық мүмкіндіктерін және ғылыми зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, салалар экономикасын дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қабілетті
    • адами капиталға инвестиция салу мүмкіндігін анықтай отырып, аймақтардың әлеуметтік –экономикалық даму бағдарламаларының тиімділігін бағалауға қабілетті

Жұмысберушілер

    • Бейсов Ж.Ж.- «Ақтөбе облысы бойынша статистика Департаменті»    басшысы
    • Маханова  А.Н.- «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ККМ басшысы
    • Мусашева Г.К- Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы