Баишев Университеті

Баишев Университеті

7М01711-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты 7М01711- «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасының  2 курс магистранттары Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтынан 72 сағат көлемінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Магистранттар филолог-ғалымдардың, атап айтқанда профессор, ф.ғ.д. Дәдебайұлы Жанғара «Қазақ әдебиеттануы және абайтанудың өзекті мәселелері», профессор, ф.ғ.д. Ысқақұлы Дандай  «Қазақ әдебиеті тарихы мен сыны мәселелері», профессор ф.ғ.к. Мұсалы Ләйла Жұматайқызы «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымы – рухани қазына, профессор ф.ғ.к. Әбдіқұлова Раушан Мәмиқызы «Көркем мәтін және зерттеу мәселелері» тақырыбында дәрістерін тыңдап, ғылыми деңгейлерін көтеріп, білімдерін арттырды, берілген тапсырмалармен жұмыстанды.

Белгілі ғалым профессор Дандай Ысқақұлы «Қазақ әдебиеті тарихы мен сыны мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте қазіргі жаһандану дәуірінің мәдени өміріндегі ғаламдық ауқымда жүріп жатқан тілдік құбылыстар әлеуметтік, филологиялық тұрғыдан шолынып, әлемнің тілдік бейнесі, түркі тілдерінің, оның ішіндегі қазақ тілінің тағдыр-талайы, жүріп өткен жолдары мен бүгінгі күнгі жай-күйі, болашағы ғылыми түрде жан-жақты сараланады.