Баишев Университеті

Баишев Университеті

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Дайындық бағыты– 6B113  Көлік қызметтері

Білім беру бағдарламасы – 6B11311 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын тасымалдауды ұйымдастыру

БББ мақсаты  Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру саласында кәсіби қызметте жаңа білімді қолдануға және көлік саласындағы ұйымдастырушылық-басқару, өндірістік-технологиялық міндеттерді және проблемаларды тиімді шешуге қабілетті жоғары жіктелген кадрларды даярлау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  1. Ауызша және жазбаша сөйлеуді ақылға қонымды және нақты қалыптастыруға, кәсіби мәтіндерді, соның ішінде шет тілінде (тілдерінде) құру.
  2. Жаратылыстану ғылымдары, математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдана отырып, көлік кәсіпорындарында экологиялық және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету,ақпараттық технологияларды кәсіптік қызметте қолдану.
  3. Көлік коммуникацияларының құрылысын геодезиялық бақылауды жүзеге асыру үшін әртүрлі өлшеу құралдарын және дәлме-дәл құралдарды қолдану бойынша техникалық сызбаларды және ережелерді жасау, стандарттау және сапаны  басқару, бағалау  туралы білімдерін көрсету.
  4. Пойыздардың қозғалысы және маневрлік жұмыстарына техникалық пайдалану ережелері, сигнализация жөніндегі нұсқаулықты қолдану арқылы және көлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге ықпал етуге қабілетті.
  5. Халықаралық тасымалдарда кедендік құқық білімін қолдана отырып, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін көліктік логистикалық жүйелерді жобалауға; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге; көліктік-экспедициялық компаниялардың қызметін ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті.
  6. Жүктерді тиеу-түсіру   жұмыстарын  механизациялау  және  автоматизациялау арқылы коммерциялық операцияларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру,  жүктерді көліктік жіктеу және контейнермен тасымалдаудың үздіксіз технологиясын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлікті сақтандыру.
  7. Әртүрлі көлік түрлерінің ұтымды өзара іс-қимылын ұйымдастыруға дайын,  жедел  жұмыстарды басқару принциптеріне сәйкес көліктегі қозғалыс  қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады,теориялық білімін оқу,өндірістік практикаларымен ұштастырады.
  8. Пойыз кестесін, станциялар мен жолаушылар станцияларының кестесін жасауға дайын; пойыздың қалыптасу жоспарын, станцияның күнделікті жұмыс кестесін есептеу.
  9. Станциялардың жекелеген элементтерінің негізгі схемаларын және құрылымдарын жобалау үшін жобаланған және қайта жаңартылған станциялар мен тораптардағы технологиялық процестерді дамыту мүмкіндігін көрсету.
  10. Стандартты компьютерлік жобалау және зерттеу пакеттерінің негізінде процестер мен объектілердің математикалық модельдеуін пайдалануға, автоматтандырылған басқару жүйелерінде құжаттық іс жүргізу әдістемесін қолдануға қабілетті.
  11. Темір жолдарды техникалық нормалау үшін жылжымалы құрам,  көлік және механизация құралдарының техникалық сипаттамалары туралы білімдерін қолдану арқылы станция   және локомотив паркінің  жұмысын жедел басқару.