Баишев Университеті

Баишев Университеті

6B04131 - Қаржы

ББ мақсаты: Түлектерге қаржы саласында және экономиканың нақты секторында, мемлекеттік және жеке қаржы саласында табысты жұмыс істеуге, еңбек нарығында әлеуметтік-мобильді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін білім алушыларда жалпы мәдени және жеке қасиеттерді, жаңа форматтағы экономист-қаржыгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

Кәсіби қызмет саласы

Қаржы бакалаврлары – қаржы жөніндегі бас және жетекші маман, қаржы жөніндегі маман, қаржы директоры, коммерциялық менеджер, қаржы талдаушысы, аудитор немесе ревизор: республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде, яғни жоғары білімді талап ететін лауазымдарда қызмет атқара алады. 

Оқыту нәтижелері

  • ОН1/ РО 1 – кәсіпкерліктің теориялық негіздерін біледі, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттарын бағалайды.
  • ОН2/ РО 2 – өзінің кәсіби және әлеуметтік қызметінде математикалық, гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімдерін көрсетеді және қолданады.
  • ОН4/ РО 4 – аймақтың несие-банк жүйесіндегі өзгерістер кезіндегі жағдайды бағалайды және талдайды / оценивает и анализирует ситуацию при изменениях в кредитно-банковской системе региона.
  • ОН5/ РО 5 – әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың есептілігіндегі қаржылық ақпаратты талдайды және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін алынған мәліметтерді пайдаланады.
  • ОН6/ РО 6 – ұйымның негізгі қаржылық және экономикалық көрсеткіштерін есептейді, ұйымның қаржылық тәуекелдерінің деңгейін бағалайды.
  • ОН7/ РО 7 –  әрдайым өзгеріп отыратын экономикалық конъюнктураның жағдайында қаржы-бюджет саласы, банктік және сақтандыру қызметі, салық салу, валюта-қор нарығы саласында талдау дағдыларын меңгерген.
  • ОН8/ РО 8 –  екінші тілді (орыс/қазақ) және ағылшын тілін В1, В2 деңгейінде кәсіби меңгерген.
  • ОН9/ РО 9 – экономикалық мәтіндер мен деректерді іздеу және өңдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық, сандық технологиялар саласында тәсілдерді қолданады.
  • ОН10/ РО 10 – философия, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психология негіздерін пайдалана отырып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетеді, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы әлеуметтік және кәсіби қызметте салауатты өмір салтына бағдарланады.