Баишев Университеті

Баишев Университеті

Білім беру бағдарламасы

«Тау-кен ісі» мамандығының түлектері шахталардың, кеніштердің, байыту фабрикаларының бөлімшелерін және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындарды, мекемелерді басқара алады. Олар Дон Кен байыту комбинаты, АХҚЗ, ЖҚС, «Восход Ореол» ЖШС, «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС кәсіпорындарында сұранысқа ие, мұнда мыс, мырыш, алтын, хром өндіру және оларды қайта өңдеу бойынша жаңа кеніштерді салу және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кеңінен өрістетілуде.

«Тау-кен ісі» мамандығының бакалавры оқу барысында келесі дағдыларды игереді:

– өндірістің жаңа технологияларын меңгеру;

– тау-кен қазбаларын, өнімдерді (көмір, кен) жүргізу шығындарының өзіндік құнын анықтау;

– өндірістің жай-күйін, технологиясын және ұйымдастыру деңгейін талдау;

– компьютерлік және ақпараттық техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану;

– тау-кен кәсіпорнында басқару дағдылары.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқуды аяқтағаннан кейін бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Бұл мамандықтың түлектері тау-кен өндірісі кәсіпорындарында, экономика салаларында, әскери-өнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік өндіріс салаларында, жер қойнауы мен пайдалы қазбаларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдарда, жобалау және ғылыми ізденістерде табысты жұмыс істейді.