Баишев Университеті

Баишев Университеті

6В06131 – Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

6В06131 білім беру бағдарламасы – Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандарды, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандарды, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандарды даярлауға бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттерді орындау қажет, оның ішінде білім алушылар контингентін мақсатты қалыптастыру, жұмыс берушінің қазіргі заманғы қажеттіліктеріне бағдарланған оқыту процесінде студенттерді мамандандырылған теориялық және практикалық даярлау. «6В06131 – Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару»  бағыты бойынша бакалаврды даярлаудың негізгі білім беру бағдарламасы осы мемлекеттік білім беру стандартының негізінде әзірленеді және оқу жоспарын, оқу пәндерінің бағдарламаларын, оқу, өндірістік практика бағдарламаларын қамтиды.

Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару білім беру бағдарламасының мақсаты – қолданбалы және ақпараттық процестерді модельдеуге, Ақпараттық жүйелерді жобалауға, Ақпараттық жүйелер мен қызметтерді пайдалануға және сүйемелдеуге, автоматтандырылған шешім нұсқаларын әзірлеуге, қолданбалы есептерді ақпараттандыру және автоматтандыру жобаларына экономикалық шығындарды бағалауға, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, қолданбалы есептерді қоюға және шешуге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау. Білім беру бағдарламасының мақсаттары қоғамның, экономиканың және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қайта қаралады.

«6В06131 – Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару» мамандығы бойынша бакалавриат түлегіне ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.