Баишев Университеті

Баишев Университеті

6В05221 - Агроэкология

ББ мақсаты: Агроландшафттарды пайдалануды экологиялық негіздеуге және олардың жай-күйіне бақылау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің экологиялық таза технологияларын іске асыруға және агроландшафттардың ластануын болдырмау, шектеу және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге жауап беретін, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау жүйелерінің жобаларына экологиялық сараптама және мониторинг жүргізуге қабілетті жоғары білікті агроэколог даярлау

Кәсіби қызмет объектілері

Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармалары, ұлттық парктер, қорықтар, қаумалдар, биосфералық резерваттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, АЭС, полигондар, Энергетика объектілері, АЭС, білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары

Оқыту нәтижелері

    • Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникация дағдыларын қолданады
    • Кәсіби және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін интернет ресурстарын, мобильді технологияларды, Smart-технологияларды, электрондық үкіметті пайдалана отырып, әртүрлі көздерден алынған ақпаратпен жұмыс істейді.
    • Жаратылыстану негіздерін, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және табиғаттың даму заңдарын, төтенше жағдайларда қорғау әдістері мен құралдарын түсіндіреді.
    • Ауыл шаруашылығы үшін қауіпті ауа-райы құбылыстары, агрометеорологиялық көрсеткіштердің вегетациялық кезеңге әсерін анықтайды, агроландшафттардың жай-күйін бақылау және қолдану бойынша практикалық дағдыларға ие бола, кәсіптік қызметте өсімдіктердің тіршілік әрекеті, маусымдық өзгерістер мен өсіру әдістері, өсімдіктердің таксономиясы туралы білімдерін практикада қолданады
    • Топырақтың агрохимиялық қасиеттерін, негізгі түрлері мен типтерін, алуантүрлілігін танып ажыратады, микроорганизмдердің құрылымы мен өмірлік функциялары, ластану мәселелерін шешу және агроландшафтардың ауылшаруашылық өндірісінде жарамдылығын бағалау үшін қазіргі химияның білімін қолданады, мәдени өсімдіктерді өсірудің экономикалық тиімді әдістерін меңгерен, тәжірибе жүзінде  топырақтың, ауылшаруашылық жерлерінің ластануын бақылауды жүзеге асырады.
    • Ауылшаруашылық өндірісін зерттеуде карталармен жұмыс жасайды, мәліметтер базасы негізінде топырақ және агрономиялық карталарды құрастыра, топырақ мониторингісін өткізеді, ауылшаруашылық егіншілік негіздері туралы білімдерін қолдана, ауыспалы егіс схемаларын, өңдеу жүйелерін және топырақты қорғау, тұзданған топырақты қайта қалпына келтіру шаралар жиынтығын әзірлейді, мелиорация жүйелерінің жобаларына экологиялық баға береді, биоиндикаторлардың көмегімен қоршаған ортаның сапасын анықтайды, өндірісте жылыжайда дақылдарды өсірудің озық инновациялық технологияларын енгізеді.
    • Өсімдіктер организміндегі физиологиялық, биохимиялық процестерді, өсімдіктер қауымдастығының экожүйелердегі рөлді, өсімдіктердің өсу және даму дақылдарының сапасын қалыптастырудағы заңдылықтарын талдайды, дақылдарды өсірудің және оларды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың технологиялық сызбаларын жасайды, тыңайтқыштардың түрлерін, құрамын анықтайды, дақылдар үшін тыңайтқыш мөлшерлемелерін есептейді.
    • Ауылшаруашылық дақылдарын сақтаудың, өңдеудің заманауи технологияларын қолданады, шикізаттың сапалық параметрлерін анықтайды, стандартқа сәйкес өнім сапасын анықтау әдістеріне ие, тәжірибеде агроландшафттардың ластануын бақылап, бағалайды.
    • Экологиялық жағдайды талдап, бақылайды, зерттелген аумақтарды табиғатты ұтымды және заңды пайдалану мақсатында заңнамалық актілер негізінде бақылауды жүзеге асырады, агроландшафттардың экологиялық жағдайын зерттеу әдістерін қолданады және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи технологияларына ие.
    • Ғылыми жобаларды іріктеуді, іс жүзінде агроөнеркіәсіп кешендегі  және агробизнестегі инновациялық даму мәселелерін шешуге арналған тәжірибелер нәтижелерін бағалайды, егісті өсірудің заманауи экологиялық таза технологияларына ие, жеміс-көкөніс дақылдарын өндіруге, ашық және қорғалған топырақта дақылдарды өсірудің озық инновациялық технологияларын енгізеді.

Стейкхолдер

    • «ГидроЭкоРесурс» ЖШС Ембергенов А.;