Баишев Университеті

Баишев Университеті

6В01711 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

«6В01711-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білімнің бірінші деңгейіндегі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді. Оқыту нәтижелері барлық «6В01711-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы деңгейінде де және осы білім беру бағдарламасының жеке модульдері немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады. Дескрипторлар «6В01711-Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді: 1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету; 2) кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру; 4) оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану; 5) оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары; 6) ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану; 7) оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну; 8) академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.

Білім беру бағдарламасының концепциясы, принциптері мен тәсілдері

Білім беру бағдарламасының негізіне білім беру сапасына, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтендіруге және білім алушылардың дамуына бағытталған құзыреттілік тәсіл алынған. Құзыреттілік тәсіл білім алушыларда табысты кәсіби қызметті қамтамасыз ететін құзыреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының принциптері:

білім беру үдерісін модульдік ұйымдастыру принципі;

– оқытудың студентке бағытталған принципі;

– университеттің әлеуметтік-мәдени ортасында білім алушы тұлғасының жан-жақты даму принципі.

ББ іске асыруда қолданылатын білім беру технологиялары

ББ жүзеге асыру үшін интерактивті технологиялар және оқыту әдістемесі қолданылады: жобалау әдісі, модульдік оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, интеллект карталар және ситуациялық есептерді шешу, қарым-қатынас, диспуттар, дискуссиялар, жобаларды орындау сияқты оқытудың белсенді әдістері. Оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырады.

Оқу үдерісін ұйымдастыру формаларының қысқаша сипаттамасы және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі

Оқу үрдісінде білім алушылардың түрлі іс-әрекетінің ұйымдастырылуына басты назар аударылады; ақпарат оқытудың мақсаты емес, қызметті ұйымдастыру құралы ретінде пайдаланылады; білім алушы оқытушылармен қатар оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде әрекет етеді, ал оның жеке дамуы басты білім беру мақсаттарының бірі болып табылады.

  ББ оқу үрдісін ұйымдастыру түрлері: дәріс, семинар, конференция, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар, тәжірибенің түрлері, өзіндік жұмыс, кеңес беру, емтихан, олимпиада, байқау және т.б. ББ оқу-әдістемелік қамтамасыз ету тәжірибеде іске асырылуы тиіс білім беру процесінің жүйелі сипаттамасын қамтитын құжаттар кешені болып табылады.

Оқу үдерісі интернетке қолжетімділігі бар заманауи мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған аудиториялардың, оқу-ғылыми зертханалардың, мамандандырылған кабинеттердің, компьютерлік кластардың, лингафондық кабинеттердің, конференц-залдардың жеткілікті санымен қамтамасыз етілген.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әрбір студенттің кітапханалық қорлар мен деректер қорына еркін қол жеткізуімен, барлық пәндер бойынша және барлық сабақ түрлері бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың болуымен, курстық және дипломдық жобалаумен, практикалармен, сонымен қатар көрнекі құралдармен, аудио және видео материалдармен қамтамасыз етіледі.

 Студенттер үшін кітапханада электронды оқулықтарды, видеолекцияларды, аудиожазбаларды көруге мүмкіндік беретін мультимедиялық зал бар.

ББ бойынша жаңа оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттің кітап қоры, соның ішінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеткілікті деңгейде, электрондық тасығыштарда оқу-әдістемелік материалдар бар.

ББ пәндері оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін енгізуге ықпал ететін, оқыту мақсаттарына сәйкес келетін жеткілікті ғылыми деңгейдегі оқу-дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілген. Ақпараттық қамтамасыз ету бағдарлама талаптарына сәйкес келеді; кітапхана оқу үшін қажетті барлық материалдарды: оқу, әдістемелік, анықтамалық және жалпы әдебиеттерді, сондай-ақ іске асырылатын бағдарламаның бейіні бойынша мерзімді басылымдарды қамтиды.

Кітапхана қорының модульдердің барлық пәндері бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер саны жеткілікті, Интернет желісіне және ғылыми ресурстарға және қазақстандық және халықаралық жоғары оқу орындарының электронды ресурстарына қосылған компьютерлік аудиторияларға қолжетімділікке ие: қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасы, республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана, электрондық кітапхана және «Юрайт» ЭКЖ, eLIBRARY.RU, Web of Science, Springer.

Студенттер электронды кітапханаларға, ғылыми әдебиеттер мен дереккөздердің толық мәтінді басылымдары бар порталдарға қол жеткізе алады, университеттің электронды кітапханаларымен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.

  1. Білім беру бағдарламасының паспорты

 

1          

Білім беру саласының коды және атауы

6B01 Педагогикалық ғылымдар

2          

Даярлау бағытының коды және атауы 

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

3          

ББ коды және атауы 

6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті

4          

ББ түрі

Қолданыстағы ББ

5          

ББ мақсаты

Қазақ тілі мен әдебиеті саласында іргелі білімді игерген, білім беру әдістері мен қазіргі технологияларды меңгерген, өз кәсіби құзыреттерін үнемі жетілдіріп, ұлттық білім берудің мәселелерін шешуге өзінің тиімді үлесін қосуға қабілетті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

6          

ҰБШ/ СБШ бойынша деңгейі

6 бакалавриат

7          

Оқыту түрі

күндізгі, қашықтықтан

8          

Типтік оқу мерзімі

4 жыл

9          

Оқыту тілі

Қазақша

10     

Кредит көлемі

240 академиялық кредит, 240 ECTS

11     

Білім алушыларға қойылатын талаптар

жалпы орта білім /техникалық және кәсіптік білім / жоғары білім

12     

Берілетін дәреже

«6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

13     

Кәсіби қызмет саласы

білім беру және педагогикалық сала (жалпы білім беретін орта мектептер, арнаулы орта ж»не кәсіптік мепктептерде, ғылыми-зерттеу және шығармашылық ұйымдарда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде); ғылыми-педагогикалық сала (әдебиет, мәдениет, баспа салаларында); ұйымдастырушылық-басқарушылық саласы (орта мектеп, лицей, гимназия, колледж және басқа да мекемелерде мамандығы бойынша); БАҚ және т.б.

14     

Еңбек қызметінің түрлері (СБШ және КС бойынша)

Педагог. Орта мектеп мұғалімі, Педагог. Колледж оқытушысы

15     

Кәсіби қызмет объектілері

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау бағытының  «6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті» бейіні бойынша бакалаврлардың кәсіптік қызметінің негізгі нысандары: қазақ тілі және оның теориялық және практикалық, синхронды, диахронды, әлеуметтік-мәдени және диалектологиялық аспектілерін қоса алғанда; көркем әдебиет (қазақ әдебиеті) және әртүрлі аймақтарда кездесуі және сақталу заңдылықтары ескеріліп тарихи және теориялық аспектілері қамтылған халық ауыз әдебиеті; әртүрлі типтегі мәтіндер – жазбаша, ауызша және виртуалды мәтіндер (соның ішінде мультимедиялық нысандардың гипермәтіндік және мәтіндік элементтерін қоса алғанда); ауызша және жазбаша қарым-қатынас; инновациялық психологиялық және педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білім алушыларға қазақ тілі мен әдебиетін оқыту және тәрбиелеу.

16     

Еңбек (кәсіби) функциялары 

оқытушылық функциялары: оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуды үйретеді; тәрбиелік функциялары: білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады; әдістемелік функциялары: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; зерттеушілік функциялары: білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді; әлеуметтік-коммуникативтік функциялары: кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады;

17     

Аккредиттеу туралы ақпарат (аккредиттеу органының атауы, аккредиттеу мерзімі)

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі 5 жыл, 27.02.2017 ж. – 26.02.2022 ж.

18     

Оқыту нәтижелері

Оқыту нәтижелері Дублиндік дескрипторлар негізінде әзірленген және игерілген құзыреттерді көрсетеді. Оқыту нәтижелері барлық білім беру бағдарламасы деңгейінде де, жеке модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады және студенттердің мына қабілеттерін сипаттайды: 1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

2) кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру; 4) оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану; 5) оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары;  6) ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану; 7) оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну;  8) академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.

 ON 1 –    заманауи мұғалім тұлғасы талаптарына сай оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың психология-педагогикалық теориясын кәсіби мақсаттарға бейімдеп, қолдана алады;

 ON 2 –    оқыту қағидаттарына, әдістемелік нұсқаулық, ұсынымдарға сай сабақтарды жоспарлап, оқыту және тәрбиелеу үдерісінде өз кәсібі мәселелерін өз бетімен шешуге, практикалық қызметінде бизнес-жоспар, келісімшарттар, мәмілелер рәсімдеуге қабілетті;

 ON 3 –    оқытудың лингво-коммуникативтік негізінде тілдік бірліктерді, әдеби шығармаларды талдап, түрлі жанрдағы мәтіндерді синхрондық және диахрондық аспектіде өңдеуге, әдеби сын жасауға қабілетті;

 ON 4 –     оқыту процесіндегі ынтымақтастыққа бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балаларға бейімделген оқыту технологияларын, оқушылар физиологиясын ескере отырып қолдана алады;

 ON 5 –     ақпаратты-коммуникативтік, цифрлық технологияларды өз кәсіби саласында түрлі ақпараттарды іздеу мен мәтіндерді өңдеуде, салыстыруда, іріктеуде қолданады;

 ON 6 –     филологиялық пәндер бойынша жинақтаған білімдерін өз бетімен толықтыруға, оларды оқу үдерісінде және практикалық қызметінде қолдануға дайын;

 ON 7 –     білім алушылардың мәдени және тілдік сұраныстарын қанағаттандыруда жаңартылған білім беру және пәндік-тілдік оқыту технологияларын оқу сабақтарында өз бетінше жоспарлауға қабілетті;

 ON 8 –     оқытудың түрлі педагогикалық технологияларын таңдауда дербес кәсіби шешімдер қабылдауға дайын және оны негіздей отырып қорғай алуға қабілетті;

 ON 9 –     педагогикалық этика ережелерін сақтап, білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильде гуманистік педагогика идеяларын ұстанып, оны өз қызметінде көрсетеді;

 ON 10 – кроссмәдени құндылықтарды ұлттық мәдениетпен сабақтастырып өз кәсіби қызметінде қолдана алады.

 ON 11 –           Философия негіздері, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психология  бойынша жинақтаған білімдерінің негізінде  өзінің жеке азаматтық ұстанымын көрсетеді, дене тәрбиесінің  әдістері мен құралдары арқылы әлеуметтік және кәсіби қызметінде  салауатты өмір салтын ұстанады.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдылары

        Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.

        Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталады.

        ҒЗЖ-на қатысу студентті мамандықты кәсіби терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді. Әр білім алушы шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастырады, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыта  алады және жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттырады.  Таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастырады.