Баишев Университеті

Баишев Университеті

6В012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

2021 жылдың 22-23 сәуір күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «6В012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиада нәтижесі бойынша Баишев Университетінен қатысқан «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасына қарасты «6В01211-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының үздік студенттерінен құрылған «Еducator» командасы жалпы командалық есеппен жүлделі І орын алды.

Сондай-ақ, «Педагогикалық шеберлік» номинациясымен марапатталды.

Кафедра ұжымын және команда жетекшісі, магистр, аға оқытушы Альситова Асемгуль Бахтыгалеевнаны, команда мүшелерін жеңістерімен құттықтаймыз!