«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері педагогикалық практикадан өтті.

     2020 жылдың 20 қаңтары мен 06 наурыз аралығында Баишев университеті Білім берудің жоғары мектебі «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері педагогикалық практикадан өтті. Қорытынды конференция 2020 жылдың 10 наурызында өткізіліп, студенттердің іс-тәжірибеден өту есебі тыңдалды. Конференцияға Жұмыспен қамту және тәжірибе бөлімінің басшысы Р.К.Танатова, Білім берудің жоғары мектебінің деканы А.К.Дүйсенбаев және кафедра профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

     Педагогикалық практика – болашақ кәсіби мамандардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыратын әдістемелік оқу-тәрбие шараларының бірі. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің басым көпшілігі педагогикалық іс-тәжірибеден кафедра филиалы, практика базасы болып табылатын қала мектептерінен, атап айтқанда, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы, №13 орта мектебі, №30 қазақ орта мектебі, Ақтөбе гуманитарлық колледжінен өтті. Педагогикалық практикадан өту барысында студенттер жаңартылған білім берудің теориясы мен әдістемесін орта мектепте қолдануға машықтанып, бірегей тәжірибе мен шығармашылық ізденістерін  жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Педагогикалық практикаға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Исина Ж.А. жетекшілік етті.