Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 2021-2022 жылға арналған Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап ашылатындығын қуана хабарлайды. Global UGRAD бағдарламасы студенттерге АҚШ–тың колледж немесе университетінде 1 академиялық семестр ішінде оқуға, АҚШ–та мәдени және білім тәжірибесін алуға және біліміңіз бен дағдыларыңызды кеңейтіп, америкалық мәдениет пен құндылықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
Global UGRAD бағдарламасына тапсыру үшін 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап, осы сілтеме https://webportalapp.com/sp/login/n9bqhdalu1 арқылы тіркеліп, онлайн сауалнаманы толтырыңыз.
Құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2021 жылдың 28 ақпаны.
Толық ақпарат: https://kz.usembassy.gov/kk/global–ugrad-2021-2022-kk/