Баишев Университеті

Баишев Университеті

2021 жылдың 15 сәуірінде «Antikor ortalygynda»

Қазақстан Республикасы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Баишев Университетінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер байқауы өтті.

Алдымен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Дархан Мусюров мырза және Баишев университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Жарасқан Ағысбай байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында жемқорлыққа қарсы бейнеролик түсіру және сурет салу тапсырмалары берілді.

Баишев университетінің белсенділері өзара 3 топқа бөлінді:

«Catharsis»;

«Alash»;

«Nomad».

Нәтижесінде:

«Alash» тобы – I орын

«Catharsis» тобы – II орын

«Nomad» тобы – III орынды иеленді. Жүлделі орын иегерлері Адалдық кубогымен және дипломдармен марапатталды.