ПОҚ-ның Краков педагогикалық университетіне академиялық ұтқырлығы

2020-2021 оқу жылындағы Erasmus+ бағдарламасы аясында ПОҚ-ның Краков педагогикалық университетіне академиялық ұтқырлығы

Краков педагогикалық университетінде (Польша) келесі білім беру бағдарламалары бойынша дәріс сабақтарын өткізу мақсатында тағылымдамадан өту үшін өтінімдер қабылдау басталды:

6B01111 Педагогика және психология

6В01411 Құқық және экономика негіздері

6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01731 Шет тілі: екі шет тілі

6В02311 Аударма ісі

6B04111 Мемлекеттік және жергілікті басқару

6В04121 Экономика

6В04131 Қаржы

6В04141 Есеп және аудит

6В06111 Информатика

6В06121 Ақпараттық жүйелер

7М01711 Қазақ тілі мен әдебиеті

7М01721 Орыс тілі мен әдебиеті

7М01731 Шет тілі: екі шет тілі

7М04111 Мемлекеттік және жергілікті басқару

7М04121 Экономика

7М04132 Қаржы

Бұл бағдарламаға Баишев университетінің ағылшын тілін міндетті түрде меңгерген оқытушылары қатыса алады

 

Бағдарламаның шарттары:

* Бағдарламаның ұзақтығы – 5 күн;

* Грант: 1 адамға 1340 евро (5 күн/8 сағат сабақ)

* Ізденуші ағылшын тілін C1 және одан төмен емес деңгейде меңгеруі тиіс.

 

Өтініш беру үшін келесі құжаттар жиынтығын ұсыну қажет:

1. Кафедра/жоғары мектепті таныстыру;

2. Дербес деректерді өңдеуге келісім; (гиперсілтеме бойынша өту)

3. Оқытушылардың ұтқырлығы бойынша келісім; (гиперсілтеме бойынша өту)

4. Тілді білетіндігін растайтын тілдік тест/сертификат нәтижесінің көшірмесі (немесе басқа құжат);

5. CV Europass форматында (ағылшын тілінде);

6. Қолданыстағы төлқұжаттың көшірмесі.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 11.01.2021 ж.

 

Іріктеу рәсімі:

1. 423 каб. ХБжАкМ бөліміне қажетті құжаттар пакетін ұсыну және бағдарлама координаторының поштасына түрлі-түсті сканер түрінде жіберу (int.dep@bu.edu.kz). Байқау іріктеуіне құжаттардың толық емес жиынтығы қабылданбайды!

2. Алмасуға қатысушыларды байқауға ұсынылған құжаттардың іріктеу негізінде анықтайды.

 

Барлық сұрақтар бойынша ХБ және АкМ бөліміне хабарласуға болады

 

Тел: 97-40-82 (ішкі № 834), int.dep@bu.edu.kz