Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында  «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомының жарыққа шығуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин конференцияны ашып, Ер Едігеге қатысты ұйымдастырылып отырған шараларға тоқталды. Баишев университетінің профессоры Бекежан Ахан, проректор Мұхтар Орынбасарұлы және едігетанушы Жұманазар Асанұлы қатысып, университеттегі едігетану проблемаларына қатысты ұйымдастырылған шаралар мен алдағы міндеттер айтылды. Облыс әкімі мен конференцияға қатысушы ғалымдар тарапынан Алтын Орданың әйгілі биі Ер Едігеге қатысты Баишев университетіндегі жасалынып отырған ғылыми іс-шараларға оң баға берілді.

Еңсесі биік елдің жастары Елбасымен бірге

Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету бойынша іс-шараларды өткізу шеңберінде 2020 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған «Еңсесі биік елдің жастары Елбасымен бірге/Молодежь Великой степи вместе с Лидером» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Модераторлар:

Калаганова Н.К., Баишев Университеті стратегиялық даму және сапа бөлімінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты,

Магай И.И., Баишев Университеті кітапхана меңгерушісі

Шақырылған құрметті қонақтар:

Көбенов І., «Семей-Невада» Халықаралық ядроға қарсы қозғалысының Батыс Қазақстан өңірі филиалының директоры, профессор

Дадин А.Д., техника ғылымдарының кандидаты, Баишев Университеті ауыл шаруашылығы және экология кафедрасының аға оқытушысы

Снабаева Б., С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана меңгерушісі.

 

Семинар мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдары мен Арал теңізінің апаты мысалындағы экологиялық трагедияға қатысты дана шешімінің маңыздылығын жастарға көрсету.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2020 жылғы 2 желтоқсанда Баишев университеті Білім берудің жоғары мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жазушы, драматург, жергілікті жазушы Жиенғали Тілепбергеновтің 125 жылдығына орай «Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Ж.Тілепбергенұлы және алаш рухты әдебиет;

2. Ақтөбе өңіріндегі әдеби даму және Жиенғали Тілепбергенұлының шығармашылығы;

3. Ж.Тілепбергенұлы шығармаларындағы суреткерлік, фольклорлық дәстүрлер;

4. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері;

Конференция материалдары жинақ түрінде шығарылады. Мақалалар 30 қарашадан кешіктірілмей қабылданады және жинақтың электронды нұсқасы университет сайтында орналастырылады. Жарияланым ақысы – 1000 теңге. Мақалаларды ktmakaf@ausb.kz, g_torekhanova@bu.edu.kz электронды мекенжайларына жіберу керек.

Қатысушыларға сертификат беріледі (сертификаттау үшін қатысушы -мақала ұсынуы шарт; – онлайн жүйеде қатысуы тиіс; семинарға өз аты-жөнімен кіргені жөн; бейнекамерадан өзі көрініп отыруы қажет).

Мекенжайы: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі 302 A, Баишев университеті.

Байланыс телефондары: 8(7132) 97-40-81, 8(701) 426 4116; 8(701) 329 3809

Жауаптылар: Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Исина Жаннур Аманкелдиевна, магистр, аға оқытушы Төреханова Гүлжахан Маратқызы.