«Студенттер қатарына қабылдау»

Құрметті 1 курс студенттері! Сіздерді 25 қараша сағат 15:00 де «Студенттер қатарына қабылдау» кешіне қатысуға шақырамыз. Офлайн – Ақ зал, Онлайн – Идентификатор конференции: 940 791 8719
Код доступа: 9989

«Еріктілер студенттік қоғамдық қызметтің ерекше формасы ретінде»

Сіздерді «Жас қоғам қайраткері: мәселелері мен мүмкіндіктері  –  «Еріктілер студенттік қоғамдық қызметтің ерекше формасы ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

2020 жылы 25 қарашада сағат 15.00-де (Ақтөбе уақыты), 12.00-де (Краков уақыты) Краков педагогикалық университеті, Бәйішев университеті ұйымдастырған Халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылардың бейнебайланысы қашықтан – Google Meet платформасы арқылы жүзеге асырылады

Іс-шараның мақсаты – оңтайлы шешімдерді шоғырландыру үшін Польшадағы, Қазақстандағы және басқа елдердегі жастардың әлеуметтік белсенділік тәжірибесін салыстыру.

Іс-шараның мақсаты – жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытудың озық тәжірибелері туралы ақпарат алу, әр түрлі елдердегі жастардың қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың қазіргі кездегі кедергілері мен бағыттары туралы пікірталасқа қатысу, тәжірибе алмасу, одан әрі ынтымақтастық үшін пікірталас мәселелері бойынша байланыс орнату.

Дөңгелек үстел бағдарламасы (Программа_каз PDF файлына сілтеме)

Бейнероликтердің факультет аралық байқауы

Бейнероликтердің факультет аралық байқауы «ҚР тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі мен еңбегі»
(мемлекеттік және орыс тілдерінде) 2 желтоқсан zoom бағдарламасында оқытушылар мен білім алушылар арасында өткізілмек. Бейнероликті 2 желтоқсанға дейін ian_abd89@mail.ru почтасына жіберулеріңіз сұралады.

Zoom бағдарламасына қосылу идентификаторы: 5915739993