Уважаемые коллеги и студенты!

С 16 ноября по 22 декабря 2020 года в рамках совместного с Центром дополнительного профессионального образования — «АЛЬФА-ДИАЛОГ» при поддержке Министерства просвещения Российской Федерации, международного просветительского проекта «Русский текст: по страницам культуры» пройдут мероприятия: циклы вебинаров («Русский Нобель», «Русский театр», «Университеты России», «Русский язык XXI века», «Прогулки по Петербургу и Москве», «В гости к Пушкину»…), Форумы «Межкультурный диалог: Россия — Казахстан», конкурс творческих работ «Я говорю по-русски» и другие.

Цель проекта — формирование и развитие у иностранной и билингвальной аудитории интереса к изучению русского языка на основе знакомства с жизнью и достижениями величайших деятелей науки и культуры России.

Куратором данного проекта в Республике Казахстан является Жумагуль Алдияровна Майдангалиева, доктор философии (PhD), доцент кафедры «Иностранные языки и литература» Баишев университета.

Приглашаем преподавателей и обучающихся вуза принять участие в мероприятиях в рамках проекта!

Ознакомится с полной информацией и расписанием мероприятий, вы можете на официальном сайте проекта: ссылка

«Геоэкологические аспекты геотермальной энергетики» тақырыбында Телемост-лекция өткізілді.

20 қазан 2020 ж. күні «Геология, мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының  5В070600/6В07231 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», 5В070700/6В07221 «Тау-кен ісі», 5В070800/6В07211 «Мұнай газ ісі» мамандықтары/білім беру бағдарламаларының  2- 4 курс студенттеріне Мәскеу қаласындағы В. И. Вернадский атындағы Мемлекеттік геологиялық мұражайы Ресей Ғылым академиясы г.-м.ғ.к.  Черкасов С.В. «Геоэкологические аспекты геотермальной энергетики» тақырыбында Телемост-лекция   өткізілді. 

«Тәуелсіздіктің 7 қыры: Даму жолы» бірегей деректі фильмін көру.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету іс-шараларын өткізу аясында «Құқықтану», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарына «Тәуелсіздіктің 7 қыры: Даму жолы» деректі фильмін көрсету жұмысы бойынша кураторлық сағат ұйымдастырылды.

Фильмде Қазақстанның экономикасы, құрылыс секторы, ішкі көші-қон және тағы да басқа көптеген процестері туралы айтылып, жаңа жас астананың құрылысы қалай басталғанын көрсетіледі. Нұр-сұлтан қаласының арқасында жүздеген мың жас жаңа астанада өз үйін, отбасын және мансабын құрды.

Аталмыш деректі фильмнің соңында кафедра кураторлары мен студенттері Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаңа жас астананың құрылысындағы рөлін талқылады. Елбасының дана саясатының арқасында бүгінде Нұр-сұлтан қаласы – әлемдік деңгейдегі заманауи қала екенін атап өтті.

«АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

Баишев университеті, Білім берудегі жоғары мектебі, Педагогика  және  психология  кафедрасының ұйымдастыруымен ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық деңгейдегі онлайн форматында мерекелік шара өтті.

Негізгі шараның мақсаты – Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, кемеңгер Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармалары, оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениетті насихаттау  арқылы жас ұрпақты білім-ғылымға, ұлттық құндылықтарды сақтауға, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу.                                                                       Баишев университетінің Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры – Миров Мұхтар Орынбасарұлы, Жоғары білім беру мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент – Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы шараның негізгі маңыздылығына тоқталып өтті. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, п.ғ.магистрі -Жандилдина Роза Есентаевна мен Баишев жоғары медициналық колледжінің директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары – Жандосов Шалгинбай  Утигенович Абайдың сара жолы туралы баяндаса, Шымкент университетінің филология факультетінің студенттері Абдрахманов Бауыржан, Есболай Арайлым Абайдың туындыларын шашу етті.  Сонымен қатар Абай қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Бейсембинова Гүлназ Талғатқызының жетекшілігімен «Абайдың «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық- музейі»-не онлайн экскурсия жасалды. Мерекелік шараны педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор –  Сейтенова Салима Сағынқызының кеш қонақтары мен қатысушыларына алғыс сөзімен аяқталды. Қатысушы студенттер шарадан алған әсерлерімен бөлісті.                                                                       Шараға қатысқан кеш қонақтарына және студенттерге алғысымыз шексіз.

«Елбасы – кемеңгер көшбасшы » атты онлайн ақындар сайысы

3 желтоқсан сағат 15:00 де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы – кемеңгер көшбасшы » атты онлайн ақындар сайысын zoom бағдарламасында оқытушылар мен білім алушылар арасында өткізілмек. Өлең, жырларды 30 қарашаға дейін ian_abd89@mail.ru почтасына жіберулеріңіз сұралады.

Zoom бағдарламасына қосылу идентификаторы: 5915739993