Баишев Университеті

Баишев Университеті

2019-2022 жылдардағы бакалавриат және магистратура түлектерінің назарына!

2021 жылғы 5 қараша сағ. 11.00. –де Баишев Университетінде «Жас Өркен» жобалық тобының мамандарымен кездесу өтеді.  Бұл жобаның бастамашысы «Самұрық-Қазына»АҚ болып табылады. «Жас Өркен» бағдарламасының нысаналы тобы – еліміздің жетекші компанияларында кәсіби маман болуға және өз мансабын бастауға ниет білдірген 2019-2022 жылдардағы жоғары оқу орындарының түлектері (бакалавриат-магистратура) (Жас Өркен бағдарламасымен танысуға арналған сайт https://www.zhasorken.skcu.kz/ru/page/news/).

Кездесуге 2021-2022 оқу жылының 4 – курс білім алушылары келесі бағыттар бойынша шақырылады:

– қаржы;

– экологтар;

– инженерлік мамандықтар (Мұнай-газ / тау-кен қызметі);

– IT мамандары (деректерді талдау / Big data / әзірлеушілер)

Негізгі талаптар:

    1. 2019-2022 жылғы бакалавриат және магистратура түлектері;
    2. ҚР азаматтығы;
    3. Географиялық ұтқырлық

Сізден кері байланыс күтеміз және ынтымақтастыққа әрдайым дайынбыз!

Актилеуова Асел,  «Жас Өркен» жобалық тобының үйлестірушісі ;

Рашитова Дильдора, «Самұрық-Қазына» КУ  «Жас Өркен» жобалық тобының маманы.

Кездесуді ұйымдастырушы-Мансап орталығы, барлық сұрақ бойынша 328 каб.