Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Өлең- сөздің патшасы…» атты республикалық жас ақындар айтысы

      2020 жылдың қазан айының 30 күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналаған «Өлең- сөздің патшасы…» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Айтыс барысында ақындар «Абай –дана, Абай- дара», «Рухани жаңғыру- басты бағдар», «Ана тілім- ардағым» тақырыптары бойынша сөз жарыстырды. Айтысқа Ақтөбе облысы Баишев Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Наурызалина Злиқа өрнекті сөздері мен өрелі өнері арқылы жүлделі ІІ орын және 150 тың теңге ақшалай сыйлықты иеленді. Жетекшісі филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Төреханова Гүлжахан Маратқызы.