Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орталық

Баишев университетіндегі тәрбие жұмысы жоғары моральдық–адамгершілік сезімдерге, интернационализмге, азаматтық қасиеттерге, патриотизмге ие болашақ маманның шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға бағытталады.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстар жөніндегі орталығы өз жұмысын келесі құжаттарға сүйене отырып жасайды:«ҚР этномәдени білімінің Тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарға құқықтық білім берудің Тұжырымдамасы», «ҚР білім саласындағы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы», «ҚР адамгершіліктік-жыныстық тәрбие Тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру Тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының Заңдары; «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы».

      Әлеуметтік және тәрбие жұмыстар жөніндегі орталығы негізгі мақсаты тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру, қоғам өмірінің барлық салаларындағы инновациялық өзгерістерге дайын, толерантты және ізгі ниетті, өзінің елін және университетін мақтан тұтатын, жоғары патриоттық санаға ие, рухани дамыған біртұтас тұлға қалыптастыру жүйесін жасақтау.

Негізгі қызметтері мен міндеттері:

ӘжТО алдына қойған мақсаттарды келесі міндеттерді орындай отырып жүзеге асырады:

– Баишев университеті СМЖ талаптарының орындалуы;

– ӘжТО-ң мақсаттарының сапалы жүзеге асуы;

Осы қызметтер төмендегі міндеттердің шешіміне негізделеді:

– университеттегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын бақылау;

– жастар ісі жөніндегі комитетке басшылық жасау;

– мәдени-көпшілік шаралар, семинарлар және студенттерді тәрбиелеуге байланысты конференцияларды ұйымдастыруда университет құрылымдық бөлімдерінің және қоғамдық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру;

– академиялық топтардың кураторларының жұмысын үйлестіру және олардың міндеттерінің орындалуын бақылау;

– университет аймағының және ғимараттарының көркейту жұмыстарын ұйымдастыру;

– жоғарыдағы мекемелердің тәрбие жұмыстарына байланысты нұсқауларын орындауды ұйымдастыру;

– университет жастар ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру (жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік театр, дебат клуб, спорт клуб, көркемөнерпаздық және т.б.);

– әртүрлі жастар ұйымдарымен байланыс орнатуды ұйымдастыру (қалалық, облыстық, республикалық көлемде);

– жатақханада тұратын студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

– медициналық пунктің қызметкерлерімен бірге жатақхана бөлмелеріне профилактикалық тексеру өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Жастар ісі жөніндегі комитет студент жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын университетттің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Жастар ісі жөніндегі комитет қызмет барысында ҚР конституциясы, білім туралы заң, ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы, Ғылыми кеңес шешімдері, ректордың бұйрығы мен өкімдерін басшылыққа алады.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:

– студент жастар арасында жастар саясатын насихаттау және жүзеге асыру;

– университеттің оқу топтарында, факультеттерде, университетте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға қатысу;

– студент жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған шараларды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және т.б.

– басқа ЖОО, республикадағы, облыстағы, қаладағы жастар ұйымдарымен байланыс орнату.

«Алаш» студенттік театры

– Студенттік театрдың жетекшісі Баишев университетінің студенттері арасында «Алаш» театрының жұмысын ұйымдастыратын лауазымды тұлға болып табылады.

– Студенттік театрдың жетекшісі Баишев университетінің президенті немесе ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

– Студенттік театрдың жетекшісі «Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары» орталығының директорына тікелей бағынады.

 

Біліктілік талаптары

– студенттік театрдың жетекшісі қызметіне арнайы жоғары білімі бар шығармашыл белсенді және жауапты тұлға тағайындалады.

 

Қызметтік міндеттемелер

– тәрбие жұмысын жандандыруға және сол бағытта жасалып жатқан шараларға баға беру барысында өз ұсынысын білдіруге қатысу;

– студенттер арасында тәрбие жұмысынын жандандыруға арналған шараларды өңдеуге қатысу;

– театрдың жыл сайынғы жоспарын құру, оның орындалуын қадағалау;

– театр қойылымдарына материалдар таңдау;

– тәрбиелік шараларды ұйымдастыруда «Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары» орталығының директорына көмектесу;

– театрдың жарнамалық ақпараттандыру жұмыстарына басшылық жасау;

– тікелей басшылығының қызметтік тапсырмаларын орындау;

– басшылықтың тапсырмасымен әртүрлі материалдарды баспадан шығару;

– университет саясаты мен мақсатын орындауды қамтамасыз ету;

 

 

Спорттық клуб

Спортклуб профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің барлық спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді, оған:

– студенттерді Президенттік тест тапсыруға дайындау;

– бірінші курс студенттері арасында спартакиада өткізу;

– әскерге шақырылмаған жастар арасында спартакиада өткізу;

– университет профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері арасында

спартакиада өткізу;

– университет Кубогына жарыстар өткізу;

– студент жастар арасында секциялық жұмыстар ұйымдастыру;

– спорттық кештер ұйымдастыру;

– спорт түрлерінен жеке және командалық спорттық-жаттықтыру

жұмыстарын ұйымдастыру;

– денсаулық күнін ұйымдастыру;

– Республикалық универсиада өткізуге ат салысу.

 

Кураторлар кеңесі

ЖОО-ның тәрбиелік үрдіс жүйесін басқаруға кірісе алатын, әдістемелік қызметін үйлестіретін және кураторлар жұмысын ұйымдастыратын мәжіліс органы. Құрамы кафедра отырысында өткізілген жиналыстағы сайыс қорытындысы бойынша әр кафедрадан бір куратордан құралады.

Кураторлар кеңесі жұмысының басты мақсаты – университет студенттерінің тәрбиелік жұмыстарының сапасын және тиімділігін жоғарлату, кураторлар мен студенттер арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, кураторлар жұмысының сапалық мониторингін іске асыру.

Кураторлар кеңесінің басты мәселелері:

– Ұйымдық-әдістемелік басшылық және оқу топ жетекші қызметін тексеру.

– Студенттермен жасалатын тәрбиелік жұмыс жағдайының болашақ дамуы туралы материалды университет Ректоратына дайындау және ұсыну.

– Әлеуметтік-тәлімдік жұмыс ұйымының жаңа әдісін енгізу және жетілдіру.

– Университет басшылығының шешімін орындауға және өзінің дайындық құзырлық шегінде қатысу.

– Өзге мақсаттың шешімін университет мақсаттарымен сәйкестендіру.

Кураторлар кеңесінің басты қызметтері:

– Жоғары мектептердің кураторлық жұмысының жоспарын Кураторлар кеңесінің жоспарларымен сәйкестендіру.

– Студенттік топ жетекшісінің жұмысын тексеру.

– Студенттік топ жетекшісінің жұмыс тәжірибесін жинақтау, оның әрекетін үйлестіру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

– Студенттермен тәрбиелік жұмысын әдістемелік сұрақтар бойынша зерттемелер ұсыну.

– Студенттік топ кураторларының жұмыс жоспарын тексеру, бекіту және есеп беру.

– Кезеңдік аттестацияның және емтихан қорытындыларын анализдеу;

– Топ бойынша студенттердің әлеуметтік белсенділігін бағалау.

Кураторлар кеңесі өз жұмысында келесі құжаттарды басшылыққа алады:

– Қазақстан Республикасы Конституциясы;

– Қазақстан Республикасы Заңнамалары;

– ҚР Президенті және Үкіметтің бұйрықтары және өкімдері;

– ҚР Білім және ғылым министрлігінің құқықтық нормативтік актілері;

– Жастар саясаты бағдарламасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы;

– Баишев университетінің жарғысы;

– Баишев университетінің ректорының бұйрықтары және өкімдері.

 

Медициналық пункт

Медициналық пункт Президенттің бұйрығы негізінде 03.12.12. құрылды.

Медициналық пунктың ережелері ҚР келесі заңдарына сәйкестендіріліп жасалды: «Азаматтық кодекс», «Білім туралы», «Еңбек туралы», Баишев университетінің Уставы, Баишев университетінің ішкі тәртіп ережелері, «ҚР денсаулық сақтау жүйесі» «ҚР Үкіметінің № 1304, 28 желтоқсан 2005 ж жарлығы бойынша «ҚР тұрғындарына алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыру», «ҚР Денсаулық сақтау Министрінің № 124, 21 наурыз 2006 ж бұйрығы бойынша «алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық мекемелердің қызметтері туралы ереже», емдеу-профилактикалық мекемелерімен бірігіп қызмет көрсету келісім-шарты, ММ «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының» № 10374 DD, 5 қаңтар 2011 ж.мемлекеттік қызмет лицензиясы.

Медициналық пункт жұмысының басты бағыттары:

– амбулаторлық-емханалық алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету барысында медициналық қызметтің лицензияға сәйкес емдік-профилактикалық шараларын орындау;

– денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып Баишев университетінің студенттерін кезеңдік профилактикалық тексеруден өткізу.

 

 

Байшев университеті студенттерінің жетістіктері

 

1. Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткен «Жазғы Үлкен Кубок» Жайдарман фестивалінде университетіміздің «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті құрамасы» командасы өнер көрсетіп, чемпион атағын жеңіп алды. (2017 ж)

2. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлының кубогына арналған облыстық пікірсайыс турнирінің жастар финалы өтті. Бас жүлдені университетіміздің «Айсберг» пікірсайыс клубының мүшелері Қайрат пен Индира иеленді. (2017 ж)

3. Щучинск қаласы «Discovery-Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы студент жастарының Республикалық көшбасшылар лагері ұйымдастырылды. Аталған лагерь студент жастардың көшбасшылық, кәсіпкерлік қасиеттерін және бизнес жоспарлау дағдыларын дамыту сондай-ақ жастарды мәдени-тарихи орындармен таныстыру мақсатында өткізілді. Университетімізден «Серпін»

әлеуметтік жобасымен білім алатын белсенді студенттер Сейтқалиева Ж.С., Жакыпова Н.А., Шайзінда Т.Д. қатысып келді. (2017 ж)

4.ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және «Динамо» ДШСҚ ҚБ күніне орай, Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан спартакиада өтті. Жарысқа 4 команда қатысты. Сайтбеков Н.Д. және Исаев М.Е. жетекшілігімен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы І орынды жеңіп алды. (2017 ж)

5. Университетіміздің студенттер делегациясы Уфа қаласында өткен түркі халықтарының мәдениеті мен тілі халықаралық жастар фестиваліне қатысып келді. Делегация құрамына 14 студент енген болатын. Фестивальдің қорытындысы бойынша «Вокалдық орындау.Соло» номинациясы бойынша 3-орынды педагогика факультетінің студенті Тлеубаева Бахытгүл иеленді. «Хореография» номиеациясы бойынша «Нұр шашу» ансамбі 2-орынды жеңіп алды. «Вокалдық орындау. Дуэт» номинациясы бойынша жүлделі 1-орынды «Інжу» дуэті жеңіп алды. Фестивальға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

6. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және «Динамо» ДШСҚ ҚБ күніне орай, Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан спартакиада өтті. Жарысқа 4 команда қатысты. Сайтбеков Н.Д. және Исаев М.Е. жетекшілігімен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің қыздар командасы І орынды жеңіп алды.

7. Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ЖОО студенттерінің арасында үстел теннисінен жекелей командалық қала чемпионаты өтті. Жалпы командалық есепте «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті» командасы 3 орынды жеңіп алды (2018 ж).

8. Киелі Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жанынан құралған «ADC» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 16-18 ақпан күндері Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, ШҚО, Қызылорда, Ақтөбе облысының пікірсайысшылары қатысқан дәстүрлі «Болашағымыз бірлікте» II республикалық турнирі өтті. Турнирге С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Айсберг» командасының 5 мүшесі қатысты. Ерекше ойындарымен алғашқы іріктеу күнінің нәтижесі бойынша Таубай Айсұлтан мен Кереева Таншолпаннан құралған фракция 3 іріктеу ойынынан 3 жеңіспен шықты. Екінші күнгі 1\8 финалында Алматылық «UIB» университетінің спикерлерінен оза білді. 1\4 финалда Шымкенттен келген спикерлермен тартысты ойында жеңіліске

жетсе де, турнир қорытындысы бойынша Таубай Айсұлтан «Турнир жаңалығы» атағына ие болды және бағалы сыйлықпен марапатталды.

9. 2018 жылғы 23 ақпан күні Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, ЖОО студенттерінің арасында қол күрестен жекелей командалық қала чемпионатында университет спортшылары қатысып, жүлделі оралды.

 

ІІ орын

50 кг салмақ дәрежеде – Берікбаева Гүлжанат

70 кг салмақ дәрежеде – Әлен Заманбек

+75 кг салмақ дәрежеде – Насыров Бағлан

 

ІІІ орын

65 кг салмақ дәрежеде – Сарқытбай Ержан

+60 кг салмақ дәрежеде – Ихсанова Жансая

 

10. Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 1-3 наурыз күндері ЖОО студенттері арасында волейболдан қала чемпионаты өтті. Жалпы командалық есепте «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті» қыздар командасы 1 орынды жеңіп алды.

11. 2018 жылғы 3-4 наурыз күндері Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына және «Атамекен» пікірсайыс клубының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру: тәрбие, білім, жастар» ректор кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Айсберг» ЗПК мүшелері белсенді қатысты. Сапалы ойын өрнегін көрсеткен Сағымбай Мөлдір, Айтуған Қайрат, Ұлықпан Азат алғыс хаттармен марапатталды. Клубтың мүшелері Таубай Айсұлтан және Кереева Таншолпан 3 орынды иеленді.

12. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындар арасында Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен » ЖАС ДАРЫН-2018″ ән-би байқауы өтті. Хореография бағыты бойынша «Exclusive» би тобы III-орынға ие болды.

13. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындар арасында Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен » ЖАС ДАРЫН-2018″ ән-би байқауы өтті. «НҰР-ШАШУ» би тобы жүлделі II-орынға ие болды.

14. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындар арасында Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен » ЖАС ДАРЫН-2018″ ән-би байқауы өтті.Ән номинациясы бойынша 25 қатысушының арасынан суырылып шығып, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған педагогика факультеті, «педагогика және псиxология» мамандығының 3- курс студенті Доссова Айжан.

15. «Көктем ханшайымы» облыстық сайысында 3-орынды Бибитова Демелия, 2-орынды Мәзінова Жаңылай жеңіп алды.

16. 2018 жылғы 20-24 сәуір күндері Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Айтыс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға» арналған «ATYRAU CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Университет «Айсберг» пікірсайыс клубының жетекшісі Таубай Айсұлтан жүлделі II-ші орынды иеленіп, қаржылай 80000 теңгемен марапатталды. Сонымен қатар клубтың өзгеде ойыншылары іріктеу ойындарынан сүрінбей өтіп 1/4 финалға дейін жеткен болатын.

17. 2018 жылдың 1-2 мамыр күндері Ақтөбе қаласының дене тəрбиесі жəне спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР құрметті спорт қайраткері, доцент Н.Х.Телеуованы еске алуға арналған əйелдер арасындағы волейболдан қала біріншілігі өтті. С.Бəйішев атындағы Ақтөбе университетінің қыздар командасы I орынды жеңіп алды.

18. 2018 жылдың 19-20 мамыр күндері Ақтөбе облысында орналасқан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің жанынан құрылған пікір-сайыс клубтары ұйымдастырылуымен республикалық турнирі өткізілді. Турнирге Астана, Алматы, Қостанай, Орал, Ақтөбе ЖОО-дары, арнаулы орта білім беру мекемелерінің 68 студенті қатысты. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің жанынан құрылған «Айсберг» ЗПК мүшелері турнирдің АПФ бойынша 1/8, 1/4 финалдарының қатысушылары болды. Ал ЛД форматы бойынша ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы қарсаңы аясында ұйымдастырылған «Zhubanov CUP» республикалық пікірсайыс турнирінде «Үздік спикері» номинациясымен және 40000 тг жүлделі қорымен Таубай Айсұлтан марапатталды.

19. Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығы аясында өткен «Zhubanov CUP – 2019» атты аймақтық пікірсайыс турнирінде «Интрига Ва-Банк» фр Таубай Айсұлтан, Кереева Таңшолпан жүлделі 2-орын иегері атанды.

20. «Жасыл ел» жастар еңбек маусымының қорытындысы бойынша Баишев университеті «Үздік жасақ» және «Үздік жоғары оқу орны» номинацияларына ие болды. (2019 ж)

21. Халықаралық волонтерлар күніне орай «Үміт нұры» еріктілер тобы облыс әкімі О.Оразалиннің алғыс хатымен марапатталды.

22. 2019 жылы Жастар жылы қорытындысы бойынша өткізілген облыстық «Жас барыс» облыстық форумында «Алаш» студенттік театры жастар арасында мәдениет пен өнерді дамытуға және ҚР жастар саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

23. «Баишев жастары» командасы Ақтөбе облысының Жайдарман филиалының премьер лигасында жүлделі 2-орынды жеңіп алды.

24. Сондай- ақ, университетімізде студенттік «Айсберг» дебат клубы бар. 2019-20 оқу жылында олардың қол жеткізген жетістіктері мынадай:

– Таубай Айсұлтан «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс

студенті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын жүзеге асырудағы жастардың белсенділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресу және 9 желтоқсан Халықаралық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында өткен пікірсайыс турнирінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай өткізілген «Ақиқат» пікірталас орталығының «ЖҚБ YI» республикалық пікірсайыс турнирінде және Қ.Жұбановтың 120 жылдығы аясында өткен «Zhubanov CUP- 2019» атты аймақтық пікірсайыс турнирінде ЛД форматы бойынша «Үздік Спикер» атанды.

– Батыс Қазақстан медицина университеті» ректор кубогіне «Жалын»

пікірталас клубының Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл» толуына орай өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінде Таубай Айсұлтан «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенті жүлделі 1-орынды иеленді.

– «Qobylandy» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Жастар

жемқорлықсыз болашақтың негізі» қалалық пікірсайыс турнирінде АПФ форматында «NaVi» фракциясы Таубай Айсұлтан пен Кереева Таңшолпан «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттері 1-орынды иеленсе, Болатұлы Темір «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті 2-орынды жеңіп алды.

– Болатұлы Темір «Автоматтандыру және басқару» білім беру

бағдарламасы бойынша 3 курс студенті «Жалынды жас» облыстық пікірсайыс турнирінде 1-орын алды.

– Тұрсынәлиева Назерке «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру

бағдарламасы бойынша 4 курс студенті Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ және Ақтөбе облысының «Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен 16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай және «Ритор» зияткерлік пікірталас клубының 9-жылдық мерейтойына өткізілген «Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» атты облыстық турнирде 2-орынды иеленді.

– Көбес Бағымай «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс

студенті Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жаратылыстану факультетінің жанынан құрылған «FavoritE» дебат клубының ашылуына орай 7-ші желтоқсан күні өткен облыстық пікірсайыс турнирінде АПФ форматы бойынша 2-ші орын алды.

– Убайдуллина ГауҺар «Бастауышта оқыту педагогикасы мен

әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенті «Шабыт» пікірталас клубының 2 жылдық мерейтойына орай 16-17 қараша күндері өткен облыстық турнирде АПФ форматында 2-орынға ие болған.

– Кереева Таңшолпан «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс

студенті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында «Харекет» қайырымдылық қоры, «Қазақстан студенттер Альянсы» және «Заман біздікі» Интеллектуалды элиталар Одағы ұйымдастырған «Royal Cup» облыстық пікірсайыс турнирінде БПФ форматында 2-орынға ие болды.

25. Наурызалина Злиха «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті «Тұғырлы тәуелсіздік» атты облыстық ақындар айтысында 2 орынды иеленген.

26. Жыржисова Наргиз «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті «Бөбек Жалпыұлттық қозғалысының» ұйымдастыруымен өткен «Үздік студент -2019» сайысында жүлделі 2 орын алған.

27. Жиенбек Камила «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыру аясында Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттер арасында академик Е.А. Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасы ұйымдастырып өткізген «Мен қазақстандықпын!» атты республикалық эссе байқауында III дәрежелі дипломмен марапатталған.

28. Мәлік Даниил – «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті бокстан республикалық студенттер универсиадасынан, Ауған соғысының ардагері, «Қара майор» Б.Т.Керімбаевты еске алуға арналған және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Басқарма Төрағасының жүлдесі үшін студенттер арасындағы III Республикалық турнирінде 91 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынды жеңіп алған.

29. Амандықов Қанат «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті «Ақтөбе» футбол командасының жастар құрамының мүшесі. Команда Республикалық жарыста 3-орынға ие болған.

30. Жолдыбай Ғазиза «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенті жастар арасындағы гір спортынан облыстық чемпионатта 53 салмақ дәрежесінде 2-орынды жеңіп алған. (7-9 ақпан 2020 жыл)

31. Сағындықова Әсем «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар жылына орай ұйымдастырылған «Біз жастарға сенеміз» атты жас ақындар арасында өткен мүшәйрасында Алғыс хатпен марапатталып, шығармасы 30 үздік ақынның жинағына енді.

 

 

 

 

 

– студенттік бірлестіктер, альянстар

 

Университетте «Айсберг» дебат клубы, екі командадан «Бәйішев жастары» және «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің құрамасы» құралған КТК клубы жұмыс жасайды. 2015-16 оқу жылынан бастап студенттік театр «Алаш», «Exclusive», «Нұр шашу», «Падиша» би топтары, вокалдық топтар «Алау», «Дезим», «Жастар kz», «Іңкәр-ай», «Аңсар» өз жұмыстарын бастады. Студенттердің оқу және қоғамдық өмірін студенттік парламент басқарады.

 

– республикалық, халықаралық шаралар

 

2017 жылы «Феномен» КТК командасы Республикалық премьер-лигаға қатысып, жартылай финалға жолдама алды. Университетіміздің студенттер делегациясы Уфа қаласында өткен түркі халықтарының мәдениеті мен тілі халықаралық жастар фестиваліне қатысып келді. Делегация құрамына 14 студент енген болатын. Фестивальдің қорытындысы бойынша «Вокалдық орындау.Соло» номинациясы бойынша 3-орынды педагогика факультетінің студенті Тлеубаева Бахытгүл иеленді. «Хореография» номиеациясы бойынша «Нұр шашу» ансамбі 2-орынды жеңіп алды. «Вокалдық орындау. Дуэт» номинациясы бойынша жүлделі 1-орынды «Інжу» дуэті жеңіп алды. Фестивальға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. 2018 жылғы 20-24 сәуір күндері Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Айтыс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға» арналған «ATYRAU CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Университет «Айсберг» пікірсайыс клубының жетекшісі Таубай Айсұлтан жүлделі II-ші орынды иеленіп, қаржылай 80000 теңгемен марапатталды. Сонымен қатар клубтың өзгеде ойыншылары іріктеу ойындарынан сүрінбей өтіп 1/4 финалға дейін жеткен болатын. 2019 жылдың 23-25 сәуір аралығында университетіміздің студенттері Орынбор қаласында өткен «На Николаевской – 2019» студенттік шығармашылық ХХVIIII Евразиялық фестиваліне қатысты. Фестивальдің қорытындысы бойынша университетіміздің «Алаш» студенттік театры Г.Хугаевтың «Көршілер» спектаклін қойып бас жүлдеге ие болды. Осымен үшінші рет «Алаш» өзін дәлелдеді. «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Тлеубаева Бақытгүл 3-ші дәрежелі дипломға ие болды. «Хореография» бағыты бойынша «Нұр шашу» би тобы 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Оригинал жанры» бағыты бойынша сән театры 3-ші дәрежелі дипломға ие болды