Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Құқықтану» ББ білім алушыларының көшпелі сабағы

Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында 16.11.2021 ж. Ақтөбе облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары, PhD докторы, Құқық және ЖББ пәндер кафедрасының доценті Сұлтанов Нұрболат Нығметұлы Баишев Университетінің «Құқықтану» ББ 4 курс студенттерімен көшпелі сабақ өткізді.
Сабақ барысында Департамент аппаратының тергеушілері мен анықтаушылары үлгісінде тергеу іс-әрекеттерін жүргізу және қылмыстық істерді электрондық форматта көрсетті.