Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

rector

Құрметті әріптестер! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сіздерге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілеймін. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіздер, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Істеріңізге береке, бейнеті мен зейнеті мол ұстаздық жолында әрдайым шәкірт ықыласына бөлене беріңіздер.
Отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!

Құрметпен, ректор м.а. Б.Ташмухамбетов