Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Сіздерге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіздер, абырой-беделдеріңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін.
Отбастарыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!