Баишев Университеті

Баишев Университеті

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

  •          Сіздерді «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елдің сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

          Конференция 2020 жылғы 27 қарашада сағат 15.00-де (жергілікті уақыт бойынша) онлайн форматта өтеді.

         Конференция жұмысына қатысуға жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, аспиранттар мен магистранттар шақырылады.

         Конференция жұмысының тақырыбы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ұлтаралық келісімді нығайтудағы және халықаралық  ынтымақтастықтың басымдықтарын қалыптастырудағы рөлі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция форматы: онлайн, ZOOM платформасы арқылы. Конференция идентификаторы мен кіру коды сіз өтінімде көрсеткен e-mail-ға жіберіледі (қосымша 1)

 Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Конференцияға қатысу үшін баяндама мәтінін ұсыну қажет (қоса берілген талаптарға сәйкес рәсімделген).

Баяндамалар 2020 жылдың 25 қарашасына дейін электронды түрде көрсетілген электронды мекенжайға ұсынылуы тиіс.

Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы жарияланып, сайттағы Ғылым бөліміне bu.edu.kz орналастырылатын болады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Қағаз өлшемі-A4;
  • Жиектері: жоғарғы және төменгі – 3,0 см, сол және оң-2,5 см;
  • Қаріп-Times New Roman;
  • Қаріп өлшемі-12 pt;
  • Жоларалық интервал-1,0 см;
  • Абзац – 1, 25 см;
  • Мақала атауы-ортасында, бас әріптермен, қалың қаріппен;
  • Автордың тегі, аты, әкесінің аты – орталық бойынша;
  • Жұмыс орны, қала, ел – орталықта;
  • Аннотация (60-80 сөз) – мақаланың өзінен басқа екі тілде;
  • Түйін сөздер (5-7 сөз) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
  • Көлемі – 6 беттен артық емес;
  • Тік жақшадағы әдебиетке сілтемелер;
  • Материалдың соңында-Әдебиеттер тізімі.
  • Барлық суреттер қара және ақ түсте жасалуы керек және А4 форматындағы беттен аспауы керек.
  • Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Осыған байланысты жоғарыда аталған барлық талаптарды сақтай отырып, ғылыми мақалаларды мұқият редакцияланған түрде ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз.

Ұсынылған басылым «плагиатқа қарсы» тексеруден өтеді. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген материалдар қаралмайды және авторларға қайтарылмайды.

  • Материалдар электронды поштаға қабылданады science@bu.edu.kz
  • Анықтама телефоны: +77072906279
  • Е-mail: science@bu.edu.kz

Құрметпен, ұйымдастырушы комитет!