“Қызықты көңіл-студенттік өмір”

2020 жылдың 17 қарашасы күні Баишев Университеті, Білім берудің жоғары мектебі, “Педагогика және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер күніне арналған “Қызықты көңіл-студенттік өмір” атты мерекелік шара өтті. Шараға Баишев Университетінің тәрбие ісі жөніндегі проекторы  М.О.Миров, Білім берудің жоғары мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент А.Қ.Дүйсенбаев және “Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор С.С.Сейтенова қатысып, студенттерді мерекелерімен құттықтады.

 Zoom платформасы арқылы өткен шарада оқытушылардың құттықтау видеосы көрсетіліп, “Педагогика және психология” мамандығының 3 курс студенті Т.Сансызбаева  өлең шумақтарын оқыды. Сонымен қатар, мерекелік шара қонағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің “Саз бөлімі” мамандығының  3-курс студенті А.Мухамбетова қобыз аспабымен Шәмші Қалдаяқовтың “Арыс жағасында” әнін орындап берді. Кеш соңында студенттер өздеріне білім беріп отырған профессорлық-оқытушылар құрамына алғыстарын білдіріп, үлкен рахметтерін айтты.      

Кафедра жаңалықтары (Қазақ тілі мен әдебиеті)

«Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және жазушы, драматург Жиенғали Тілепбергенұлының 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция Биыл

Читать далее »
Новости

Жас оқытушы – жоғары білім берудің қазіргі үрдістерін жалғастырушы маман

«Жас оқытушылар мектебі» курсы Баишев Университетіне жұмысқа жаңадан орналасқан жас магистр-оқытушыларға арналған. «Жас оқытушылар мектебі» курсы ондаған жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келуде. Жас оқытушының өз

Читать далее »
Новости

Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған психология ғылымының апталығына шақырамыз!

Баишев университеті, Білім берудің жоғары мектебі, Педагогика және психология кафедрасы, Психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 30.11.2020-04.12.2020 аралығында, Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған психология ғылымының апталығына

Читать далее »
Новости

«ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ»

             27 қараша  күні Білім берудің жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне орай «ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ» атты

Читать далее »
Новости

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=SV1SZn04Cychttps://www.youtube.com/watch?v=osPXD1h5_es Баишев университеті, Білім берудің жоғарғы мектебі, Педагогика және психология кафедрасы, «Педагогика және психология» мамандығы 402 тобының кураторы аға оқытушы Комарова Д.Т. ұйымдастыруымен 27-қараша күні

Читать далее »