[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Қызықты кездесу

Баишев Университетінің түлектерін тиімді жұмысқа орналастыру мақсатында «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлері – Қуандық Азамат Ғаниұлы және Айдаубаева Жанаргүл Сәдуақасқызы жастар практикасынан өту шарты, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша кездесу өткізді. Кездесуге барлық мамандықтар бойынша 4 курс білім алушылары қатысты.

Қазақстанда ЖОО түлектері үшін бірнеше жобалар іске қосылған: «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Жастар практикасы». Жұмыспен қамту бөлімінің мандарының айтуынша сұранысқа ие мамандықтар: инженерлік мамандықтар, IT және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, Нанотехнологиялар, Логистика, Экология, медициналық мамандықтар, қала құрылысы. Жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша 328 кабинетке –Мансап Орталығына хабарласуға болады.