«ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ҚР Заңының жалпы ережелері» – Баишев Университет
[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

«ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ҚР Заңының жалпы ережелері»

Баишев университетінің «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен  ҚР сот жүйесінің өкілімен, атап айтқанда Ақтөбе қаласының  сотының судьясы Жубатова Жанар Суюбаевнамен кездесті. Кездесуде : «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ҚР Заңының жалпы ережелері» және «Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс  барысында судья студенттерді сот жүйесінің жаңалықтарымен таныстырды, сондай-ақ  кодекстер мен заңдарға енгізілген нормалар туралы айтты. Студенттер тарапынан судьяға  түрлі сұрақтар қойылды. Судья тек соттар шешетін әртүрлі өмірлік мәселелермен бөлісті. Өз дәрісін аяқтай отырып, судья барлық студенттерді сауатты және парасатты әділ болуға шақырды. Жастарға кітапті көп оқу керектігін ұсыныс ретінде айта отырып өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.