Баишев Университеті

Баишев Университеті

Қоғамдағы прокуратура органдарының орны

Бүгін 8 сәуір күні Баишев университетінде құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы ұйымдастыруымен  университеттің  25 жылдығына орай  және    ғылым апталығы аясында  «Қоғамдағы прокуратура органдарының орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде прокуратура органдарының    қазіргі даму кезеңіндегі көптеген өзекті мәселелер қозғалды. Кіріспе сөз  ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Лыгина Ольга Ивановнаға берілді.  Дөңгелек үстелге ғылым және  инновация департаменті директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Болатов Нұрлан  Қажымұратұлы қатысып, өз пікірін білдірді.    Бұл болашақ заңгерді дайындауда  өте  маңызды. Бұл шараға құқықтану мамандығының  1-2 курс студенттері, кафедраның ПО құрамы  қатысты. Шара соңында кафедра меңгерушісі  Сагиева Г.К. шараны  жоғары дәрежеде өткізуге себеп болған   Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасына, Өскемен гарнизон  әскери прокуратурасына,  Алматы облысы Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасына, Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасына, Қарағанды   облысы Ұлытау  ауданы прокуратурасына алғыс білдірді. Шара соңында қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.