[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

«Қаржы орталығы» АҚ менеджерімен кездесті

28.04.2022 ж. ZOOM платформасында 2021-2022 оқу жылының бакалавриат білім беру гранттарының иегерлері «Қаржы орталығы» АҚ менеджерімен кездесті. «Қаржы орталығы» АҚ жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмысты өтеу және жұмыс істелмеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауын мониторингтеуді және бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылады. Білім беру гранттары иегерлерінің міндетті өтеу туралы барлық сұрақтарға ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ (Нұр-Сұлтан) менеджері – Амангелдиев Әнуар Замирұлы жауап берді.

Қазіргі уақытта «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттары үшін оқу аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл міндетті жұмыспен өтеу туралы нормалар қолданылады.

Бөлу кезінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, жас мамандар және философия докторлары (Phd) жұмыспен өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақытын есепке ала отырып, тұрғылықты жері бойынша жұмыссыз ретінде есепке қоюға жатады.

Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман/философия докторы (PhD) оны оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті («Білім туралы»ҚР Заңының 47-бабының 17-4-тармақтары).

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы ,18 үй (әлеуметтік жобалар мониторингі департаменті) және / немесе келесі телефондар бойынша: 8 /7172/ 69-50-34. электрондық пошта: fincenter@fincenter.kz