Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру» оқу құралының тұсаукесері

     2021 жылғы 29 қаңтарда Баишев университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен ф.ғ.к., доцент Н. А. Садуақас пен ф.ғ.к., доцент М.О. Мировтардың авторлығымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру» атты оқу құралының тұсаукесері жасалды. Кітаптың ерекшелігі – ағылшын, қазақ, түрік тілдерінде жазылып, Түркия мемлекетіндегі Мерсин университетінде басылып шықты. Салтанатты шараға Баишев университетінің президенті, философия ғылымдарының докторы Б. Ахан, оқулық авторлары ф.ғ.к., доцент Н.А.Садуақас пен ф.ғ.к., доцент М.О. Миров, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Ж.А.Исина, кафедраның ғалым-оқытушылары және өзге де оқу орындарынан Азербайжан Ғылым академиясының профессоры, ф.ғ.д. Г.Ә.Саилов, Түркия Мерсин университетінің профессоры, ф.ғ.д. Али Арслан, Х.Досмұханбетов ат. Атырау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А. К. Дауткулова, М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университеті «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, профессор А.С.Қыдыршаев, Абай атындағы Ұлттық университетінің профессоры Г.С.Каримова, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің профессоры Т.Ермекұлы, Қорқыт ата ат. Қызылорда университетінің профессоры Б.Е.Боранбай, Ахмет Байтұрсынұлы ат. Тіл Білімі институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Г.Б.Көбденова, Ақтөбе обл. «Рухани жаңғыру» орталығының үйлестірушісі Н.Хасенұлы, А.Байтұрсынов ат. Қостанай университетінің профессоры, «Рухани жаңғыру» офисінің басшысы А.А.Әбсадық, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті филология институтының директоры Т.Н.Ермекова және Баишев университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты.
Рәсім барысы университет президенті Б.Аханның құттықтау сөзімен басталды, шара барысында қатысушы профессор-ғалымдар оқу құралы жайында өз пікірлерін білдіріп, латын әліпбиіне қатысты мәселелерді талқылады.
         Бұл оқу құралында қазақ тілі әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру бағытындағы тіл мамандарының атқарған жұмыстары, тарихи шаралардың өту барысы, латын негізді қазақ әліпбиі мен жазуының емле ережелері, мемлекеттік тілдің болашағы мен қолданыс аясын кеңейте түсу бағытындағы іс-шаралар туралы баяндалған. Аталған оқу құралы мемлекеттік тіл, оқу-білім, ақпараттық насихат саласы мамандарына, студенттер мен жалпы жұртшылыққа арналған.