Баишев Университеті

Баишев Университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «ЕНШІ БЕРУ» дәстүрі бойынша көрініс дайындап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Наурыз — жыл басы, ұлық мереке. Карантин жағдайында Наурызды қалай тойлауға болады деген мәселеге Баишев  университеті әкімшілігі жаңа шешім жасады. Сол шешімнің нәтижесінде университетіміздегі кафедралар, департаменттер мен бөлімшелерден құралған 16 топ ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында бейнероликтер түсірді.  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «ЕНШІ БЕРУ» дәстүрі бойынша көрініс дайындап, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бейнероликті дайындау барысында атсалысқан кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамына алғыс білдіре отырып, жүлделі жеңісімен құттықтаймыз!