Баишев Университеті

Баишев Университеті

Қазақстан Республикасының ұлттық валюта – теңге күніне

2020 жылдың 13 қарашасында «Қазақстан Республикасының ұлттық валюта – теңге күніне» орай «Пандемия және оның Қазақстанның қаржы жүйесіне әсері» тақырыбы аясында «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.У.Қонақбаеваның ұйымдастыруымен 7М04131, 7М04132, 6В04131 «Қаржы» мамандығы бойынша білім алушыларға және оқытушыларға ZOOM бағдарламасы арқылы қаржы және несие саласының өзекті мәселелері туралы онлайн-дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Р.С.Даулетова «Тәуелсіздік тұғыры – төл теңге» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар Қаржы-301 тобының білім алушысы Н.Берикованың «Теңгенің шығу тарихы» туралы ағылшын тілінде баяндамасы тыңдалды. Осы онлайн-дөңгелек үстелді «Есеп және қаржы» кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Ш.М.Бухарбаев пен э.ғ.к., аға оқытушы Г.С.Калденовалар сөз сөйлеп қорытындылады.