Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы талқыланды

        7 қазан күні Баишев университеті конференц-залында профессор-оқытушылық құрамы және студенттер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты»  атты мақаласы ZOOM платформасында талқыланды

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, филология ғылымдарының кандидаты Миров Мұхтар Орынбасарұлы: Қайбір мемлекетшіл тұлғаның ұлының мойындауы, оны кейінгіге қалдырған асыл мұраларын ұрпақ кәдесіне жаратуы көрегендік деп білеміз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласында ұлы тұлға жайында алдымен тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың  1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 11-12 сандарында жарық көрген «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты ғылыми-зерттеу еңбегіне сүйене отырып, хәкім Абай өмір сүрген дәуірінің ерекшелігіне, Абайды тану қазақ руханияты үшін қандай маңызы болғаны туралы баяндалған. Әрине бұл кезең Абай үшін де, жалпы қазақ үшін де қилы кезең болғаны аян. Бұл жайында Н.Назарбаев  Абай заманында толық бодандыққа душар болған қазақ жері бұтарланған, бөлшектелген. Қармайтын тал қалмай, ел тұңғиыққа сүңгіген… Түркістан өз мәртебесін жоғалтқан… Абайдың иек артып, тәу етіп баратын астанасы да жоқ еді. Елдікті аңсаған, бірлікті көксеген данышпан үшін бұдан артық қасірет табылмас. Бүгінгі күні әлемді аузына қаратқан салтанатты елордасы бар егемен мемлекетте өмір сүріп жатқан ұрпақ мұның маңызын түсіну екендігін атап көрсетеді.

         Елбасының «Ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да,  мәдениеттер арасында сабақтастыққа да Абайша қарап,  Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз» – деуі ұлылықты ұғыну деп ұққанымыз абзал. Бағзы заманда ғұмыр кешкен тарихи тұлғалар та,ыымын әркез бағандап отырсақ, көш соңында қалмайтынымыз хақ.

Білім берудің жоғары мектеп деканы Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы өз сөзінде бүгін ҚР Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласының шыққанын, мақала мазмұнында Елбасымыз Абайдың ел өміріне қажетті тұстарын нақтылап бергенін, Елбасымыз өз өмірінде Абайдың шығармаларын жиі пайдаланатынын айтып өткеніне тоқталып өтті. 

Дана Абайдың «Талапты ерге нұр жауар» – деген қағидасын Елбасымыз үнемі өз өмірінде басшылыққа ұстаған. Сонымен қатар, біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос деп бірлік, татулықтың еліміздегі орнын, маңызын атап өтеді.

Сөз соңында қары қалың қыстан кейін жаймашуақ жаз келеді деп қазіргі жағдайдағы қиыншылықты сабырмен түсініп, дүниеде еш нәрсенің баяны жоқ екенін, жамандықтың да тұрақтамайтынын атап өтеді. Лайым солай болсын! – деп тілеймін деп аяқтады.

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Қалдыбай Нұрсұлтан Мәуленұлы. Ақын жастар тәрбиесінің сан қырына, оның өзекті салаларына баса назар аударды, жас ұрпаққа үміт артты, олардың жүрек сезімін оятып, өзінің көкейкесті мақсат-мұраттарына жұмылдыруға ұмтылды. Жастардың еңбек етіп, ғылым мен білімге ден қоюы, алда тұрған мақсаттарына жету жолында табандылық көрсетуі қажеттігі сияқты асыл қасиеттерді уағыздау – Абайдың бүкіл ақындық қызметінің негізгі де үзілмейтін идеялық-тақырыптық желілерінің бірі. Абай мектепте оқып жүрген қазақ балаларына үміттене қарап, елдің боашағы осылар деп қуанды. Осы орайда елбасымыз мақалада Абай атамыздың білм-ғылымға үміт артатындығын ескере отырып, жастарға шет елде білім алуға «Болашақ» президент стипендиясы тағайындалғанын сөз етті. Соның арқасында ұлы ақын өмір сүрген заманда «интернатта оқып жүрген» қазақ баласының ұрпақтары XX және XXI ғасырлар тоғысында әлемнің ең таңдаулы университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болғанын, қазіргі күнде стипендия иегерлерінің елге қызмет етіп жүргендігін айрықша көрсетті.

Қазманов Нұрлан Қуатұлы «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі. Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына әрбір Жолдауы, мақаласы, үндеуі – бәріміз үшін оқиға. Осы қиын-қыстау кезеңде Елбасының сөздері біз үшін аса маңызды және қымбат.    Абайдың « талапты ерге нұр жауар» айтқан даналығын ұстана отырып, 1958 жылы мектепті бітіргеннен кейін Елбасы өзіне оңай емес шешімді қабылдап, қазақ жерінің жүрегі – Сарыарқаға барды. Содан кейін-Украина, Днепродзержинск қаласында өзінің еңбек өмірбаянындағы алғашқы еңбек өтілін бастады.   

 XIX және XX ғасырлар тоғысында Ұлы ақын Абай – қазақ даласындағы ағартушылық пен ояну дәуірінің негізін салушы болды, оның баға жетпес еңбектері халықтың болашаққа деген адамгершілік бағдарына айналды». Абайдың данышпандығы мен даналығы әрқашан мемлекетіміздің дамуына бағыт-бағдар беріп отырады. 

Новости

Сенбілік

     Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер және студенттер! Сіздерді 24 қазан сағат 9:30-да университетішілік сенбілікке шақырамыз!

Читать далее »
Новости

Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде

        Байшев университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі  Комарова Д.Т.   «Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде» тақырыбында

Читать далее »
Новости

Жақсылық жасап жарысайық

      Баишев Университеті қайырылымдылық шараларын жүйелі түрде өткізіп келеді. Бүгін белсенді студенттеріміз «Үміт» балалар үйінде ағаш отырғызу акциясын өткізді. Бұл игі бастама студенттердің

Читать далее »
Новости

Менің атаулы ағашым

     20 қазан “Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп- гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында «Атамекен» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен “Менің атаулы

Читать далее »