Қазақстан Республикасындағы «Русский текст: по страницам культуры» жобасының ашылуы

16 қарашада Қазақстан Республикасында осы жылдың қараша–желтоқсан айларында өтетін «Русский текст: по страницам культуры» атты халықаралық ағартушылық жобасының ашылуы өтті.

Жобаны Ресей Федерациясының Білім Министрлігінің қолдауымен «Центр дополнительного профессионального образования — «АЛЬФА-ДИАЛОГ» дербес коммерциялық емес ұйымы жүзеге асырады.

Жобаның мақсаты — Ресейдің ұлы ғылым және мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен жетістіктерімен танысу негізінде орыс тілін үйренуге шетелдік және екі тілді аудиторияны қалыптастыру және дамыту.

Жобаның негізгі серіктестері — А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті және Қазақстан Республикасындағы Баишев Университеті. Жоба қатысушыларына А.И. Герцен атындағы РМПУ ректоры Сергей Игоревич Богданов және Баишев Университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ольга Ивановна Лыгина  құттықтау сөз сөйледі.

Жобаның Қазақстандағы ашылу салтанатына студенттер, мұғалімдер, оқытушылар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жоба басталған күні оған Қазақстан Республикасынан төрт жүзден астам қатысушы тіркелді.

Қатысушыларға құттықтау сөздерімен «Русский мир» қорының Санкт-Петербург филиалының директоры Олег Леонидович Муковский, Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің басшысы, Нұр-Сұлтандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Анатольевич Коропченко, Бас хатшы МАПРЯЛ Наталья Владимировна Брунова; Қазақстан Республикасындағы жобаның кураторы Майданғалиева Жумагуль Алдияровна, Баишев университетінің «Шетел тілдері мен әдебиеті» кафедрасының Философия докторы (PhD), доценті жүгінді.

16 қараша мен 22 желтоқсан аралығында жобаның іс-шаралары өтеді: вебинарлар циклі («Русский Нобель», «Русский театр», «Университеты России», «Русский язык XXI века», «Прогулки по Петербургу и Москве», «В гости к Пушкину»…), «Межкультурный диалог: Россия — Казахстан» форумдары, «Я говорю по-русски» шығармашылық жұмыстар байқауы және басқалары.

Жоба іс-шараларының жүргізушілері Петербург жоғары оқу орындарының оқытушылары (А.И. Герцен атындағы РМПУ, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Мәдениет институты) және Ресейдің басқа университеттері, мұражайлардың ғылыми қызметкерлері (Орыс мұражайы, Фонтан үйіндегі А.А. Ахматова мұражайы, Ф.М. Достоевский, В.И. Даль мұражайлары).

Қазақстан Республикасында жобаның ашылу жазбасы: https://youtu.be/TL89VMxJCfE

Сайттағы жоба оқиғалары туралы толығырақ: https://spbeducation.wixsite.com/russiantext-kz

Кафедра жаңалықтары (Қазақ тілі мен әдебиеті)

«Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және жазушы, драматург Жиенғали Тілепбергенұлының 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция Биыл

Читать далее »
Новости

Жас оқытушы – жоғары білім берудің қазіргі үрдістерін жалғастырушы маман

«Жас оқытушылар мектебі» курсы Баишев Университетіне жұмысқа жаңадан орналасқан жас магистр-оқытушыларға арналған. «Жас оқытушылар мектебі» курсы ондаған жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келуде. Жас оқытушының өз

Читать далее »
Новости

Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған психология ғылымының апталығына шақырамыз!

Баишев университеті, Білім берудің жоғары мектебі, Педагогика және психология кафедрасы, Психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 30.11.2020-04.12.2020 аралығында, Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған психология ғылымының апталығына

Читать далее »
Новости

«ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ»

             27 қараша  күні Білім берудің жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне орай «ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ» атты

Читать далее »
Новости

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=SV1SZn04Cychttps://www.youtube.com/watch?v=osPXD1h5_es Баишев университеті, Білім берудің жоғарғы мектебі, Педагогика және психология кафедрасы, «Педагогика және психология» мамандығы 402 тобының кураторы аға оқытушы Комарова Д.Т. ұйымдастыруымен 27-қараша күні

Читать далее »