Баишев Университеті

Баишев Университеті

Ғылым және технологиялар

2021 ж. 22 сәуір күні сағат 15.00-де Бәйішев Университетінде Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арнап «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Инновациялық жобалар және қазақстандық ғылымды дамыту перспективалары» тақырыбындағы кездесу мен «Ғылым және технологиялар» атты онлайн конференция іс-шарасы өтеді.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі «Jas Otan» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Искарин Ануар Есімханұлы мен Бәйішев Университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Болатов Нұржан Қажмұратұлының алғы сөздерімен басталады.

Бұл кездесу және онлайн конференцияда Бәйішев Университетінің студенттері, магистранттары, жас ғалымдары сөз сөйлеп, өздері іске асырып отырған ғылыми жұмыстары туралы баяндайды (баяндау уақыты регламент бойынша 5-7 мин.). Баяндамалар келесі ретпен орындалады:

Баймаганбетов Азамат Ерғалиұлы (жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Бәйішев Университеті «Геология, мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы) «Солтүстік Қазақстан өзендерінің бассейндері үшін ықтималды ағынды сипаттамаларды қалыптастыру процесін қысқа мерзімді болжау»;

Досмаганбетова Гульнур Маратбековна (Бәйішев Университеті «7М01731 Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 1-курс магистранты): «Қашықтан оқыту үрдісіндегі Linoit тақтасының маңыздылығы». Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Садыкова С.А.;

Пеннер Наталья Александровна (Бәйішев Университеті «7М01731 Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 2-курс магистранты) «DIFFERENT WAYS OF EXPRESSING LINGUISTIC POLITENESS IN INTERCULTURAL COMMUNICATION». Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцент Ергазина А.А.;

Сулейменова Акшолпан Жиенеевна (Бәйішев Университеті 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 2-курс магистранты) «Оқу үдерісіндегі саралау». Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., доцент Ниязова Ғ.м.;

Ескендірова Әсем Айсабекқызы (Бәйішев Университеті 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 4-курс студенті) «Әбіш Кекілбаев повестеріндегі аңыз-әңгімелердің көркемдік ерекшеліктері». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Исина Ж.А.;

Кунратбаева Райхан Амирханқызы (Бәйішев Университеті 7M04131 Қаржы, 1-курс магистранты) «ҚР қор биржасы және бағалы қағаздар мен биржалық мәмілелер», Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Иманбаева З.Ө;

Алипова Гульбакит Туякбаевна (Бәйішев Университеті 7М01721″Орыс тілі мен әдебиеті» 2-курс магистранты) «Орыс тілін цифрлық форматта оқытудың ерекшеліктері». Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Майдангалиева Ж.А.;

Пеннер-Насибулина Дарья Александровна (Бәйішев Университеті «7М01731 Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 2-курс магистранты) «MODERN APPROACHES IN THE DEVELOPMENT OF TRILINGUALISM». Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцент Ергазина А. А.;

Лайхан Саламат Арғынұлы (техника ғылымдарының магистрі, Ғылым және инновация департаментінің ғылыми қызметкері, Бәйішев Университеті «Геология, мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушысы) «Үйінді никель шлактарынан никель мен темірді алу».

 

Бәйішев Университетінің студенттері, магистранттары, жас ғалымдары баяндаған ғылыми жұмыстар талқыланып, қорытындалады.

Өтетін күні мен уақыты: 2021 ж. 22 сәуір, басталуы – сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302 А. Онлайн. ZOOM конференциясы арқылы, идентификаторы: 886 1405 5818, Кіру коды: 733810

Байланыс телефоны: 8 (705) 430-75-38 (Whatsapp) – Болатов Нұржан Қажмұратұлы