ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

     Педагогика және психология кафедрасында төмендегідей ғылыми бағыттар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі: «Жоғарғы оқу орындарында педагогикалық кадр  дайындауда құзіреттілікке негізделген тәсілдер», «Креативті тұлға қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық шарттары», «Тілдік емес мамандықтар студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру». Бұл зерттеулер бірлескен жобалар мен  ғылыми мақалалар, баяндамалар, ұсыныстар жасауға негіз болып табылады.
     Кафедраның ПО құрамы ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу және ғылыми еңбектер жариялау арқылы білім мен ғылымның дамуына өз үлестерін қосуда. П.ғ.д., профессор Ф.Ш.Терегуловтың ғылыми еңбектері, монографиялар мен оқулықтары жарыққа шықты: «Передовой педагогический опыт», «Учителю о передовом педагогическом опыте», «Материя и ее сознание», «Теоретическая педагогика», «Формирующая биосоциальная педагогика», «Образование третьего тысячелетия», «Генетическая теория Вселенной», «Теория всего сущего»,  т.б.
   Кафедра меңгерушісі А.С.Мустояпова төмендегідей оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындап, шығарды: «Организация воспитательной работы на начальной ступени 12-летней школы» (әдістемелік құрал), «Студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру» (оқу құралы), «Тұлғааралық қарым-қатынас теориясы» (оқу құралы), «Студенттердің оқу-танымдық мотивациясын қалыптастыру» (оқу-әдістемелік құрал) және т.б.
    Пс.ғ.к., аға оқытушы А.Ж.Миралиева «Әлеуметтік психологиялық тренинг: теория және тәжірибе» атты оқу құралын шығарды.
П.ғ.к., доцент А.М.Токжанова «Қазіргі педагогикалық технологиялар»,  «Практикум по развитию речи иностранных студентов», «Современный русский язык» оқу құралдарының авторы болып табылады.  «Tiger time» (Macmillan education)  ағылшын тілі бойынша дайындалған ОӘК ҚР-ның жалпы білім беретін мектептерінің 1-2 сынып оқушыларына арналған. Оның құрамына оқулық, оқушыларға арналған жұмыс дәптері және мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал кіреді.

 

               Кафедраның аға оқытушысы п.ғ.к., Кулбаева Б.С. «Каллиграфия» оқу құралын шығарды. Ғылыми конференциялар жинағында, отандық және шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған 35-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.
               Кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.к., Майдангалиева Ж.А. «Әдебиетті оқыту әдістемесінде мектеп оқушыларының әдеби даму жүйесін қалыптастыру» тақырыбындағы қолданбалы зерттеулердің авторы. Оның 40-тан астам жарияланымдары: монографиялар, ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар, нөлдік импакт-факторы және ғылыми-практикалық конференциялар, соның ішінде шетелде ағылшын тілінде жарыққа шықты.

      Кафедра жұмысында халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге және т.б. қатысу маңызды орын алады. ПО құрамы жұмысының нәтижелілігі және ғылыми потенциалы оқытушылардың ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары мен монографияларынан көрінеді.
     2017 жылы п.ғ.к. Б.З.Туребаева ҚР БҒМ «аграрлық ЖОО-ның тілдік көпмәдениетті білім беру кеңістігінде этникааралық толеранттылықты қалыптастыру» гранты (250000 теңге) бойынша жұмыс жасады. П.ғ.к. Туребаева оқу құралдарын, мақалаларды, соның ішінде халықаралық деректер қорына кіретін мақалаларды жариялады.
    Консалтингтік қызметті жүзеге асыру үшін шаруашылық шарттар жасалды, меморандумдарға қол қойылды және бірқатар іс-шаралар жүргізілді. «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қаласындағы филиалы үшін «Психологиялық ғылым мен тәжірибенің ақпараттық ресурстары айдарының мазмұнын әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-конструкторлық, технологиялық жұмыстар) жұмыстарын орындау шартына сәйкес 01.12.2016 – 01.12.2018 аралығында өз қызметін жүзеге асырды.
     Кафедраның ПОҚ 2018-2019 оқу жылынан бастап «Оқушылардың зияткерлік және танымдық қабілеттерін анықтау және арттыру» тақырыбы бойынша шаруашылық келісім негізінде психологиялық-педагогикалық (диагностикалық, кеңестік) жұмыстарды орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізді. ЖК «Центр развития интеллекта» Аktobe.lets» 120000 теңге (мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік сериясы 07915 №0138648, 6.03.2009 Ж. «Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ директоры Ниязов Болатбек Ұзақбайұлы,  04.09.2018  – 30.12.2019).
    Кафедра «Қазіргі кезеңдегі психологиялық және педагогикалық ғылымның жаңа бағыттары мен даму тенденциялары» атты ғылыми жұмыстар мен жобалар байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік ғылыми жұмыс» және «Жас зерттеуші» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

 

 

    Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен VII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып, Сагинбаева ҚұндызЕрзакова ОрынгүлУзбекова НұршатМырзағали Ардақ сертификатпен марапатталды.
            2017 жылы ғылым апталығы аясында 10.04 -14.02 аралығында  «Жастар және ғылым: ақиқат және болашақ» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (С.Бәйішев атындағы АУ) өткізілді.
            «Ғылыми дебют: жоба, зерттеу, ізденіс» халықаралық зияткерлік жұмыстар конкурсында 3 курс студенті М.К. Наренбаева 1 орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
            «Ломоносов-2017» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ХІІІ Халықаралық ғылыми конференциясына белсенді қатысқаны үшін 4 курс студенті Толенда Мейрамбек дипломмен марапатталды.