Ғалым Жұманазар Асан 70-те!

Қазақ әдебиетінде өлкетанудың өзіндік өрнегін сап келе жатқан, Мөңке би, Сарышолақ ақын, Едіге батыр сынды ел ардақтыларын ғылыми айналымға енгізуде үлкен үлес қосып жүрген ғалым, филология ғылымдарының докторы Жұманазар Асанды 70 мерейлі жасымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы ұжымы, мамандық студенттері құттықтады.
           Жұманазар Асанұлы, тырнақтап жиған мұраңыз ел мұратына жұмсалсын! Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ, еңбегіңіз жемісті болсын!