Баишев Университеті

Баишев Университеті

6В05211 - Экология

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау шараларын жобалауға, зерттелетін аймақтарда экологиялық сараптама мен аудит жүргізуге, табиғи ортаны сақтауға   практикалық ұсыныстар бере алатын бәсекеге қабілетті, жоғары білікті бакалавр-эколог дайындау

Кәсіби қызмет объектілері

Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармалары, ұлттық парктер, қорықтар, қаумалдар, биосфералық резерваттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, АЭС, полигондар, Энергетика объектілері, АЭС, білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары

Кәсіби қызмет объектілері

    • РО1  Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникация дағдыларын қолданады
    • РО2 Қазақстанның қазіргі тарихы, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психология туралы білімдерін қолдана отырып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетеді; кәсіби қызметтінде  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу тәжірибесін қолданады
    • РО 3  Философияның іргелі негіздерін біледі, экология ғылымының заманауи мәселелерін зерттейді, адамның қоршаған ортамен жайлы және қауіпсіз өзара әрекеттесуі жөніндегі жобаны жүзеге асыруға ықпал етеді, салауатты өмір салтын насихаттайды
    • РО4 Әр түрлі зерттеу жұмыстарында  және әкімшілік міндеттерді шешуде интернет ресурстарын,  мобильді технологияларды, Smart-технологияларды, электрондық үкіметті пайдалана отырып,  цифрлық технологияны қолданады; өз ойларын жазбаша түрде жеткізеді және академиялық жазбаны құрылымдау тәсілдерін біледі
    • РО5 Болашақ мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби мәселелерді шешуге биологияның негізгі бөлімдері туралы негізгі білімге ие, организмдер мен олардың қоршаған ортасы арасындағы өзара тәуелділік пен өзара әрекеттесуді анықтайды.
    • РО6 Бастапқы химиялық құбылыстар мен процестерді сипаттайды, биогеография тұрғысынан ағзалардың таралу заңдылықтары мен заңдылықтарын түсіндіреді, адамның іс-әрекетіне байланысты қоршаған ортадағы геоэкологиялық процестер туралы біліммен жұмыс жасайды; топырақты ұтымды пайдалану және сақтау тәсілдерін бағалайды, практикалық қызметте теориялық білімдерін көрсетеді
    • РО7 – Зиянды заттардың уытты әсерінің ерекшелігі мен механизмін және өндірістік объектілер факторларының бірлескен әсерін анықтайды; экологиялық мониторинг әдістерін қолданады; табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың негізгі проблемалары мен принциптерін және осы процесті болжауды біледі; қоршаған ортаның физика-химиялық параметрлері мен орагникалық биологиясы туралы білімдерін біріктіреді; биоиндикацияның негізгі әдіснамалық тәсілдері және қоршаған ортаның ластануын бақылау негіздері туралы білімдерін көрсетеді; қоршаған ортаны әртүрлі ластанудан және қалдықтардан тазарту мәселелерін шешуде қазіргі заманғы биологиялық технологияларды қолдану әдістерін негіздейді/
    • РО8 – Аймақтық экологиялық мәселелерді және экологиялық стратегияны іске асырудың теориялық аспектілерін біледі; кәсіби қызметте табиғатты пайдаланудың құқықтық, экономикалық және экологиялық аспектілерін қолданады, Қазақстанның табиғи және антропогендік ландшафттарының экологиялық жай-күйі туралы ақпарат іздейді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрлерін және олардың жұмыс режимінің ерекшеліктерін талқылайды, биологиялық әртүрлілікті қорғау және табиғи ресурстарды экономикалық мақсатта ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асырады
    • РО9 – тиімді табиғатты пайдалану үшін экологиялық аудиттің әдістерін, тәртібін, ережелерін  түсіндіреді, жаратылыстану ғылымдарының негізгі білімдерін, оқытылатын пәндер негіздерін өндірістік практикада қолданады
    • РО10 – қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерінің сақталуын бақылайды, экологиялық жобалауды жүргізеді және экологиялық жағдайдың салдарын бағалайды, экологиялық карталардың тақырыптық мазмұнын жасау дағдыларын көрсетеді, қазіргі экологиялық жағдайын бағалау және экономикалық қызметтің салдарын болжау үшін картографиялық әдістерді қолданады, географиялық ақпараттық жүйелер саласындағы негізгі ұғымдарды біледі, экология және табиғатты пайдалану саласында қажет кеңістіктік ақпаратты талдаудың ГАЖ құралдары мен әдістерін ұсынады,
    • РО11 – Заманауи мамандандырылған лицензиялық ЭРА бағдарламалық кешенің қолдана отырып, экологиялық жобалауды жүзеге асырады, қоршаған ортадағы ластаушы заттардың концентрациясын есептейді, есептеу нәтижелері бойынша аудан картасын оқиды, стандартты және есептелген санитарлық-қорғаныш аймағының автоматты құрылысын түсіндіреді, биология мен экологияны оқытудың қазіргі заманғы технологияларын қолданады, оқытудың кәсіби дағдыларын қалыптастыру үшін теориялық базаны қолданады, ғылыми және практикалық білім мен іскерлікті жүйелейді, жеке тұлғаның әлеуметтіктабиғи ортаның жай-күйі мен жақсаруына экологиялық жауапкершілігін қамтамасыз ететін адамгершілік-этикалық қатынастарды насихаттайды

Стейкхолдер

    • «ГидроЭкоРесурс» ЖШС Ембергенов А.;