Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Шет тілі: екі шет тілі» (қазақ бөлімі) мамандығының 3 (3) курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғау)

15.02.2021ж. Шетел тілдері мен әдебиеті  кафедрасының ұйымдастыруымен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3(3) курс студенттері үшін дипломдық жұмыстардың алдын-ала қорғауы ұйымдастырылды. Алдын-ала қорғаудың мақсаты: зерттеу нәтижелерін ұсыну, дипломдық жұмыстың дайындығын тексеру және оны қорғауға рұқсат алу. Қорытынды аттестаттаудың осы нысанын өткізу барысында қызу пікірталас өрбіді, онда оқытушылар мен білім алушылар пікір алмасты, ұсыныстар берді және ескертулер айтты. Мұның бәрі студенттің ғылыми – зерттеу жұмысының сапасын арттыруға бағытталған.