Бос білім беру грантын беруге конкурс өткізу туралы
Бос білім беру грантын беруге конкурс өткізу туралы
Құрметті білім алушылар!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 20-тармағының 7 – тармақшасына сәйкес 2020-2021 оқу жылының аралық аттестаттау (қысқы емтихан сессиясы) қорытындылары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру грантына конкурс жарияланады:
№ | ББ шифры | БББ атауы | Курс | Бос білім беру гранттарының саны |
1 | 6В07222 | Тау кен ісі | 2 | 1 |
Бұл конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы») бағалары, содан кейін А, А- («өте жақсы») – В+, В, В – («жақсы») бағалары, бұдан әрі-оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Конкурсқа қатысу үшін сізге::
– білім беру гранты бойынша әрі қарай оқуға Баишев Университеті ректоры атына өтініш беру;;
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
– транскрипт көшірмесі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 06-13 қаңтар аралығында
Байланыс тел. 8(7132) 974081, (7132) 974082.
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы Баишев Университеті ректоры атына білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;
2) Баишев университеті осы өтінішті конкурстық негізде қарап, Ғылыми Кеңестің шешімімен бірге 2021 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде оны білім беру саласындағы уәкілетті органға (ҚР БҒМ) шешім қабылдау үшін жолдайды;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган (ҚР БҒМ) түскен құжаттарды мамандықтар, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде оқуға түскен жылын ескере отырып қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
4) білім беру саласындағы уәкілетті органның (ҚР БҒМ) бұйрығы негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;
5) Білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде Баишев Университеті ректоры білім беру
гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.