Баишев Университеті жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау мақсатында 2022 жылғы 21 сәуір мен 22 сәуір аралығында «Қазақстандық заманауи (Элиталық) Білім беру Қауымдастығы» коммерциялық емес мекемесінің сыртқы сараптама комиссиясы 6 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы бағалауды жүргізу үшін өз жұмысын бастайды:
- 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
- 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі
- 5В020700 – Аударама ісі
- 5В010300 – Педагогика және психология
- 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
- 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі