Баишев Университеті

Баишев Университеті

Хабарландыру

Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ҚР БҒМ-ң  жыл сайынғы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына қатысу.

2021 жылғы 1 қарашадан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Баишев Университетінде «Үздік студенттік жоба» бойынша ЖОО ішіндегі байқаудың  I- кезеңі басталады.

Рәсімдеу жөніндегі байқау талаптарымен және ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдармен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.nkzu.kz/files/dep/nis/Rek_konkurs_NIRS.pdf

  1. ЖОО ішіндегі байқауды мерзімі бойынша өткізу кезектілігі:

1) Үміткердің қатысу туралы өтініштерді қабылдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсыну: 03.11.2021.- 26.11.2021 ж. аралығында;

2) Антиплагиат жүйесіндегі плагиат мәніне жұмыстарды тексеру, конкурстық комиссияның ғылыми – зерттеу жұмыстарының мазмұн сапасы жөніндегі талаптарға сәйкестігін сараптау және қарау.  ресімдеудің дұрыстығы, ғылыми жаңалықтың болуы және т.б. – 29.11.2021 ж.- 15.12.2021 ж. дейін;

3) СҒЗЖ байқауын өткізу күні – 24.12.2021 ж;

4) қорытындылау,  ҚР БҒМ СҒЗЖ жыл сайынғы республикалық байқауының нәтижелерін жариялау және үміткерлерді іріктеу – 28.12.2021 ж;

5) Конкурстың II кезеңіне қатысу үшін базалық университеттерге жіберу үшін құжаттарды дайындау. – ҚР БҒМ кестесіне сай.

Кафедра меңгерушілерінен, ғылыми жетекшілерден жыл сайынғы республикалық конкурстың жұмысына қатысу үшін білім алушыларды белсендіруді,  плагиат мәніне жүйеде өту үшін және жұмыстардың мазмұны, ғылыми жаңалығының болуын, жұмыстың дұрыс ресімделуі бойынша талаптарға сәйкестігіне сараптама жасау үшін білім алушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұсынуды сұраймыз.

Баишев Университеті  «Үздік студенттік жоба» ЖОО ішіндегі байқауының  I –ші кезеңі

Күні 24.12.2021ж. – «Үздік студенттік жоба/мақала »  Баишев Университеті мәжіліс залында.