[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Университет студенттері Big Idea Challenge сайысына өз идеяларын жолдады

2022 жылғы 12-13 мамырда Линкольн университетінің аға оқытушысы, Ph.D. Оланреваджу Олаое мырзнаның сапары аясында Баишев Университеті мен ҚРМУ білім алушылары үшін Creative Spark Big Idea Challenge бағдарламасына питчтер мен қорытынды өтінімдерді дайындау бойынша воркшоп ұйымдастырылды. Баишев Университетінің командалары Social Impact, Creative және Digital Technology санаттары бойынша өтінім жолдады. Университетіміздің білім алушыларымен есту қабілеті нашар адамдарға арналған қосымша, жастарға арналған психологиялық орталықты ұйымдастыру, туристерге арналған қосымша, гүл өсіру, қоршаған ортаны қорғау жобалары ұсынылды.

Big Idea Challenge 2022 финалистерінің республикалық іріктеуі ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 12 маусымы аралығында өтеді.

Creative Spark Big Idea Challenge – бұл қатысушыларға инновациялық стартапты дамытуға және әлемге бұл туралы айтуға көмектесетін стартап-бейне көрсетілім байқауы. Байқау қатысушылары болып Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Украина және Өзбекстан азаматтары және Creative Spark серіктес мекемесімен байланысты 18 бен 35 жас аралығындағы студенттер, түлектер және жас кәсіпкерлер табылады.